О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 апреля 2018 года № 204 «Об утверждении Правил отнесения месторождения (группы месторождений, части месторождения) углеводородов к категории низкорентабельных, высоковязких, обводненных, малодебитных и выработанных и порядка налогообложения в части налога на добычу полезных ископаемых» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Көмірсутектер кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан, дебиті аз және игерілген санатқа жатқызу қағидаларында және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібінде: 22-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген, қала құраушы заңды тұлғалардың тізбесіне енгізілген жер қойнауын пайдаланушыларға осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шарт қолданылмайды.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.