О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 18 июня 2018 года № 23/3-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 18 июня 2018 года № 23/3-VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 23/3-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 42/8-VI
- Қабылданған күні
- 26.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.08.2020 135397_481441.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VN006210
- ЭКБ идентификаторы
- 135397
- Редакция идентификаторы
- 135397_481441
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:23
0 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 23/3-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Күршім аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 маусымдағы № 23/3-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-14-168 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
6 тармақта:
4) тармақшасы алынып тасталсын.
6-1 тармақта:
13) тарамақшасы алынып тасталсын.
7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің елу пайызы мөлшерінде белгіленсін.».
8-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8-1.Әлеуметтік көмек, Күршім ауданының орталық аудандық ауруханасының тізіміне сәйкес, «туберкулез» диагнозымен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар тұлғаларға кірісін есепке алмай, нақты амбулаториялық ем алған күндеріне ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.».