Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 мая 2018 года № 346 «Об утверждении Правил мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту (лицензии) на недропользование»

Бұйрық · № 254 · қабылданған 10.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2018-no-346-ekb-198662/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 мая 2018 года № 346 «Об утверждении Правил мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту (лицензии) на недропользование» Қолданыста Бұйрық ·№ 254 ·10.07.2024
10.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 мая 2018 года № 346 «Об утверждении Правил мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту (лицензии) на недропользование»

Қолданыста Бұйрық ·№ 254 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 мая 2018 года № 346 «Об утверждении Правил мониторинга выполнения недропользователями обязательств по контракту (лицензии) на недропользование»
Атауы (қаз.)
«Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
254
Қабылданған күні
10.07.2024
Көрсетілген редакция
10.07.2024 198662_713031.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034723
ЭКБ идентификаторы
198662
Редакция идентификаторы
198662_713031
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:37

0 «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17060 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мониторинг Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын есептілікті, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері бар ғарыштық мониторинг деректерін және Мемлекеттік орган өзге көздерден, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылар табыс етуге тиіс өзге де құжаттамадан алған мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері бар ғарыштық мониторинг деректері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органға белгілі болған өзге құжаттар мен мәліметтердің негізінде олардың келіп түсуіне қарай жүзеге асырылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептілікті, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері бар ғарыштық мониторинг деректерді, өзге де құжаттар мен мәліметтерді талдау, оның ішінде мыналарды:
1) ұсынылған есептілікте олардың орындалғаны туралы мәліметтермен бірге лицензиялар мен келісімшарттар бойынша міндеттемелердің мазмұнын, мөлшерін және талаптарын;
2) жобалық құжаттардың, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің және Кодекске сәйкес талап етілетін, олар болмаған кезде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынатын құжаттардың мазмұны, болуы немесе болмауы туралы мәліметтермен бірге ұсынылған есептіліктен алынған мәліметтерді;
3) осындай растау Кодекске сәйкес міндетті болып табылатын жағдайларда, шығыстар туралы көрсетілген мәліметтерді растайтын аудиторлардың есептерімен бірге есептілікте көрсетілген шығыстар туралы мәліметтерді;
4) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны (жалдау төлемдерін) және қол қойылатын бонусты, салық (сұрау салу бойынша) және өзге де мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтермен бірге жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісімшарттардың шарттары бойынша тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақыны төлеу туралы мәліметтерді;
5) жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар мен лицензиялардың талаптары бойынша міндеттемелері бар, «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және олардағы елішілік құндылық үлесі туралы есептілік бойынша қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органның мәліметтерін;
6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялар, мемлекеттік органдардың мемлекеттік бақылау және қадағалау шарттарының сақталуын бақылау нәтижелері бойынша алынған, өзге де мемлекеттік органдардан және көздерден алынған, ұсынылған есептілік және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялар талаптары жөніндегі мәліметтермен бірге мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы