О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 мая 2018 года № 351 «Об утверждении Инструкции по составлению плана горных работ»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 18 мая 2018 года № 351 «Об утверждении Инструкции по составлению плана горных работ»
- Атауы (қаз.)
- «Тау-кен жұмыстарының жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 351 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 240
- Қабылданған күні
- 02.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2024 198490_708760.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034698
- ЭКБ идентификаторы
- 198490
- Редакция идентификаторы
- 198490_708760
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:42
0 «Тау-кен жұмыстарының жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 351 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Тау-кен жұмыстарының жоспарын жасау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 351 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16978 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тау-кен жұмыстарының жоспарын жасау бойынша нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тау-кен жұмыстарының жоспарын жасау бойынша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 216-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағының 5) тармақшасында көзделген кен орнын игерудің техникалық жобасын қоспағанда, тау-кен жұмыстарының жоспарын жер қойнауын пайдаланушы әзірлейді және бекітеді, оны жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
4-тармақты келесі мазмұндағы 5)-тармақшамен толықтырылсын:
«5) Кодекстің 72-бабы 8-тармағына сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі жер қойнауындағы ысыраптарды есепке алу бөлігіндегі кен орнын игерудің техникалық жобасы.».
2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі