Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 октября 2018 года № 578 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы технического и профессионального образования»

Бұйрық · № 197 · қабылданған 12.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2018-no-578-ekb-142732/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 октября 2018 года № 578 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы технического и профессионального образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 197 ·12.05.2020
12.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 октября 2018 года № 578 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы технического и профессионального образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 197 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 октября 2018 года № 578 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы технического и профессионального образования»
Атауы (қаз.)
«Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
197
Қабылданған күні
12.05.2020
Көрсетілген редакция
12.05.2020 142732_463367.kaz
Соңғы өзгеріс
12.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020624
ЭКБ идентификаторы
142732
Редакция идентификаторы
142732_463367
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:33

0 «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17705 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін айқындайтын «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына бастауыш («Хореография өнері» мамандығы (біліктілігі «Балет әртісі») бойынша кадрлар даярлау үшін, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.»;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тұлғалардың білім беру ұйымдарында оқуға өтініштерін қабылдау:
1) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы білім беру ұйымына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) не «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес стандартта келтірілген.
«Хореография өнері» мамандығына оқуға түсуші тұлғалар білім беру ұйымында қосымша медициналық комиссиядан өтеді.
Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.
Қабылдау квотасы қарастырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3 және 9-4 тармақтармен толықтырылсын:
«9-1 Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беруді өтініш келіп түскен күні жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
9-2. Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері қағаз жеткізгіште немесе құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту туралы жауап жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жолдайды.
9-3. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
9-4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2 тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.»;
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін түсу емтихандары:
орта буын мамандарын даярлау үшін және:
1) бастауыш білімі барлар үшін («Хореография өнері» мамандығы («Балет әртісі» біліктілігі) бойынша ғана кадрлар даярлау үшін қабылдау кезінде) – бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі) және шығармашылық емтихандар бойынша;
2) негізгі орта (негізгі жалпы) білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі;
орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау үшін және:
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) бойынша;
2) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандықтың бейінді пәні бойынша өткізіледі.»;
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары – күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйегі аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнаулы немесе шығармашылық емтихандар – күнтізбелік жылдың 21 шілдесі мен 28 шілдесі аралығында өткізіледі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес айқындалады.»;
30-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) оқудың күндізгі нысанына – күнтізбелік жылдың 25-31 тамызы аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 15-30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.»;
31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты қабылдау комиссиялары орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына түсушілердің назарына – күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау бойынша – күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, кешкі және сырттай оқу нысандарына – күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стендтерге немесе білім беру ұйымының интернет-ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.»;
осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 3, 4, 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 12 мамыры
№ 197 бұйрығына
1- қосымша
Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгі
қағидаларына
3-қосымша
Орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі
Ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ма­манды­ғы­ның ко­ды
Ма­ман­дық­тың ата­уы
Жал­пы ор­та бі­лім ба­за­сын­да бей­ін­ді пән ата­уы
0100000 – Бі­лім бе­ру
0103000
Дене тәр­би­е­сі және спорт
1 шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
0104000
Кә­сіп­тік бі­лім бе­ру (са­ла­лар бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка
0105000
Ба­ста­уыш бі­лім бе­ру*
Ма­те­ма­ти­ка
0108000
Му­зы­ка­лық бі­лім бе­ру
1 шы­ғар­ма­шы­лық ем­ти­хан
0110000
Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да­ғы ла­бо­рант
Био­ло­гия
0200000 – Құқық
0201000
Құқық­та­ну
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
0202000
Құқық қор­ғау қыз­ме­ті
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
0203000
Па­тент­теу
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
0300000 – Ме­ди­ци­на, фар­ма­цев­ти­ка
0301000
Ем­деу ісі
Био­ло­гия
0302000
Мед­би­ке­лік іс
Био­ло­гия
0303000
Ги­ги­е­на және эпи­де­мио­ло­гия
Био­ло­гия
0304000
Сто­ма­то­ло­гия
Био­ло­гия
0305000
Зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка
Био­ло­гия
0306000
Фар­ма­ция
Хи­мия
0307000
Ор­то­пе­ди­я­лық сто­ма­то­ло­гия
Био­ло­гия
0308000
Ме­ди­ци­на­лық оп­ти­ка
Био­ло­гия
0500000 – Қыз­мет көр­се­ту, эко­но­ми­ка және бас­қа­ру
0501000
Әле­умет­тік жұ­мыс
Дү­ни­е­жү­зі та­рихы
0507000
Қо­нақ үй ша­ру­а­шы­лы­ғы­на қыз­мет көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру
Ма­те­ма­ти­ка
0512000
Аудар­ма­шы ісі (түр­ле­рі бой­ын­ша)
Ше­тел ті­лі
0513000
Мар­ке­тинг (са­ла­лар бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка
0514000
Ба­ға­лау
Ма­те­ма­ти­ка
0515000
Ме­недж­мент (қол­да­ны­лу са­ла­ла­ры және ая­сы бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка
0516000
Қар­жы (са­ла­лар бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка
0517013
Ста­ти­сти­ка
Ма­те­ма­ти­ка
0518000
Есеп және аудит (са­ла­лар бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка
0519000
Эко­но­ми­ка (са­ла­лар бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка
1300000 – Бай­ла­ныс, те­ле­ком­му­ни­ка­ция және ақ­па­рат­тық тех­но­ло­гия Элек­трон­дық тех­ни­ка
1305000
Ақ­па­рат­тық жүй­е­лер (қол­да­ны­лу са­ла­сы бой­ын­ша)
Ма­те­ма­ти­ка
1500000 – Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы, ве­те­ри­на­рия және эко­ло­гия
1513000
Ве­те­ри­на­рия
Био­ло­гия
Ескертпе*: бейіндік пәннің атауын білім беру ұйымы мамандық бойынша берілетін біліктіліктің түріне қарай айқындайды.

2 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 12 мамыры
№ 197 бұйрығына
2- қосымша
Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
4-қосымша
«Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на құ­жат­тар қа­был­дау» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
1) тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры;
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал).
3
Мем­ле­кет­тік
қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар топ­та­ма­сы тап­сы­ры­л­ған сәт­тен ба­стап ор­та буын және қол­дан­ба­лы ба­ка­лавр ма­ман­да­рын да­яр­ла­уды көз­дей­тін тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша тү­се­тін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар үшін:
күн­діз­гі оқу ны­са­ны­на – күн­тіз­бе­лік жыл­дың 20 мау­сы­мы мен 25 та­мы­зы ара­лы­ғы;
сырт­тай (кеш­кі) оқу ны­са­ны­на – күн­тіз­бе­лік жыл­дың 20 мау­сы­мы мен 20 қыр­күй­е­гі ара­лы­ғы;
өнер және мә­де­ни­ет ма­ман­дық­та­ры бой­ын­ша – күн­тіз­бе­лік жыл­дың 20 мау­сы­мы мен 20 шіл­де­сі ара­лы­ғы;
2) бі­лік­ті жұ­мыс­шы кадр­лар­ды да­яр­ла­уды көз­дей­тін тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша – күн­тіз­бе­лік жыл­дың 20 мау­сы­мы мен 27 та­мы­зы ара­лы­ғы, оқу­дың кеш­кі ны­са­ны­на – күн­тіз­бе­лік жыл­дың 20 мау­сы­мы мен 20 қыр­күй­е­гі ара­лы­ғы;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­руы үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 ми­нут;
4) қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 ми­нут.
4
Көр­се­ту ны­са­ны
элек­трон­дық/қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ре­тін оқу ор­ны­на құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат неме­се Стан­дарт­тың 9-тар­ма­ғын­да ба­ян­дал­ған негіз­дер­ге сәй­кес құ­жат­тар­ды одан әрі қа­ра­удан дәлел­ді бас тар­ту және осы Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес қол­хат бе­ру.
Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті тұл­ға­сы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ха­бар­ла­ма жол­да­на­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­л­ген мер­зім­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін алу­ға өті­ніш біл­дір­ме­ген жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші олар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ал­ған­ға дей­ін қа­был­дау ор­ны бой­ын­ша сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
қыз­мет­ті бе­ру­ші: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін.
пор­тал: жөн­деу жұ­мыста­ры­ның жүр­гі­зі­лу­іне бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және нәти­же­лер­ді бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​edu.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) www.​egov.​kz пор­та­лын­да ор­на­лас­қан.
8
Құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:
1) құ­жат­тар­ды қа­был­дау ту­ра­лы өті­ніш;
2) бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тың түп­нұс­қа­сы;
3) 3x4 см кө­ле­мін­де­гі 4 да­на фо­то­су­рет;
4) «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2010 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы № 907 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­мін­де 6697 нө­мі­рі­мен тір­кел­ген) № 086-У ны­са­ны бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма­ны, «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2010 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы № 907 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­мін­де 6697 нө­мі­рі­мен тір­кел­ген) № 088-У ны­са­ны бой­ын­ша I және II топ­та­ғы мү­ге­дек­тер мен ба­ла жа­сы­нан мү­ге­дек­тер үшін ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма қо­ры­тын­ды­ны;
5) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (тұл­ға­ны са­лы­сты­ру үшін).
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­ды же­ке өзі неме­се заң­ды өкіл­де­рі ұсы­на­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар – ше­тел­дік­тер және аза­мат­тығы жоқ адам­дар олар­дың мәр­те­бе­сін ай­қын­дай­тын, тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кел­ген­ді­гі ту­ра­лы бел­гі­сі бар құ­жат­ты ұсы­на­ды:
1) ше­тел­дік – ше­тел­дік­тің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­ру­ға ық­ти­яр ха­ты;
2) аза­мат­тығы жоқ тұл­ға – аза­мат­тығы жоқ тұл­ға­ның ку­ә­лі­гі;
3) бо­сқын – бо­сқын ку­ә­лі­гі;
4) па­на із­де­у­ші тұл­ға – па­на із­де­у­ші тұл­ға­ның ку­ә­лі­гі;
5) орал­ман – орал­ман ку­ә­лі­гі.
Пор­тал­ға:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның нақ­ты тұр­ғы­лық­ты же­рі көр­се­ті­л­ген, оның өкі­лі­нің ЭЦҚ қой­ы­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ата-ана­сы­ның (неме­се оның заң­ды өкіл­де­рі­нің) бі­рі­нің элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ні­ші;
2) бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тың неме­се бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
3) «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2010 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы № 907 бұй­ры­ғы­мен  (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­мін­де №6697 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген № 086-У ны­са­ны бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма­ны, «Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры­ның ба­стап­қы ме­ди­ци­на­лық құ­жат­та­ма ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2010 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы № 907 бұй­ры­ғы­мен  (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­мін­де №6697 нө­мі­рі­мен тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген № 088-У ны­са­ны бой­ын­ша I және II топ­та­ғы мү­ге­дек­тер мен ба­ла жа­сы­нан мү­ге­дек­тер үшін ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі;
4) 3x4 см кө­ле­мін­де­гі фо­то­су­рет;
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма-есеп жі­бе­рі­ле­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат бе­рі­ле­ді, он­да:
1) тап­сы­ры­л­ған құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі;
2) құ­жат­тар­ды қа­был­дап ал­ған қыз­мет­кер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), ла­у­а­зы­мы, сон­дай-ақ бай­ла­ныс де­ректе­рі көр­се­ті­ле­ді.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ма­те­ри­ал­дар, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі негіз бо­лып та­бы­ла­ды;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да элек­трон­дық ны­сан­да пор­тал ар­қы­лы неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған або­нент­тік нө­мі­рін пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на тір­ке­ген және қо­с­қан жағ­дай­да бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ала­ды;
2) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы «1414», 8 800 080 7777 ар­қы­лы ала­ды.

3 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы «___» ___________
№ ___ бұйрығына
3- қосымша
Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімнің білім
беру бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Оқу орны ____________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
_____________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)
Құжаттардың қабылданғаны туралы № _________ қолхат
_____________________________ мынадай құжаттар алынды:
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)
1. Өтініш
2. __________________________________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________
Қабылдады Т.А.Ә. (бар болса) _________ (қолы)
20__ ж. «__» _____________

4 Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы «___» ___________
№ ___ бұйрығына
4- қосымша
Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына
оқуға қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Көрсетілетін қызметті алушының
тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі — Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда) немесе көрсетілетін
қызметті алушы ұйымының атауы
___________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабын басшылыққа ала отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы ___________________________________ (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбауыңызға байланысты және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды _________ мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ____________________;
2) ____________________;
3)....
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/
білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда) _________ (қолы)
Орындаушының Т.А.Ә.
Телефоны __________
Алдым: Т.А.Ә. /көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 ___ ж. «___» ______________

5 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 12 мамыры
№ 197 бұйрығына
5- қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1) «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығы (ҚР Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11220 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған).

2

2) «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 63 бұйрығы (ҚР Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13356 болып тіркелген, Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 наурызда жарияланған).

3

3) «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 212 бұйрығы (ҚР Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17055 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4

4) «Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 553 бұйрығы (ҚР Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17765 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 27 қарашада жарияланған.

Қолданыстағы