Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 октября 2018 года № 578 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования»

Бұйрық · № 420 · қабылданған 11.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2018-no-578-ekb-172775/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 октября 2018 года № 578 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 420 ·11.10.2022
11.10.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 октября 2018 года № 578 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 420 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 октября 2018 года № 578 «Об утверждении Типовых правил приема на обучение в организации образования, реализующие образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования»
Атауы (қаз.)
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
420
Қабылданған күні
11.10.2022
Көрсетілген редакция
11.10.2022 172775_597596.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030128
ЭКБ идентификаторы
172775
Редакция идентификаторы
172775_597596
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:31

0 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17705 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ТжКОББ-ның білім беру ұйымына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) не «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі - портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізіліміне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Тізбеде келтірілген.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Арнаулы және/немесе шығармашылық емтихандарға, сондай-ақ психометриялық тестілеуге қатысу үшін мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:
1) жеке аудитория ұсыну;
2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы немесе шығармашылық емтихан шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдарға үшін ымдау тілін білетін көмекшінің қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш бере алады.».
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
Министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 11 қазандағы
№ 420 бұйрығына
1-қосымша
Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгілік қағидаларына
1-қосымша
«Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на құ­жат­тар қа­был­дау» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры (бұ­дан әрі - көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
1) тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры;
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www. egov. kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал).
3
Мем­ле­кет­тікқыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар топ­та­ма­сы тап­сы­ры­л­ған сәт­тен ба­стап ор­та буын және қол­дан­ба­лы ба­ка­лавр ма­ман­да­рын да­яр­ла­уды көз­дей­тін тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша тү­се­тін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар үшін:
1) бі­лік­ті жұ­мыс­шы кадр­лар­ды да­яр­ла­уды көз­дей­тін тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша, ар­найы оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша, сон­дай-ақ ру­ха­ни (ді­ни) бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на, қыл­мыстық – ат­қа­ру жүй­е­сі­нің тү­зеу ме­ке­ме­ле­рін­де­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на - күн­тіз­бе­лік жыл­дың 25 мау­сы­мы мен 25 та­мы­зы ара­лы­ғын­да, оқу­дың кеш­кі ны­са­ны­на - күн­тіз­бе­лік жыл­дың 25 мау­сы­мы мен 20 қыр­күй­е­гі ара­лы­ғын­да;
2) ор­та буын және қол­дан­ба­лы ба­ка­лавр ма­ман­да­рын да­яр­ла­уды көз­дей­тін тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша оқу­дың күн­діз­гі ны­са­ны­на: мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс бой­ын­ша негіз­гі ор­та бі­лім ба­за­сын­да күн­тіз­бе­лік жыл­дың 25 мау­сы­мы мен 18 та­мы­зы ара­лы­ғын­да, жал­пы ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім ба­за­сын­да күн­тіз­бе­лік жыл­дың 25 мау­сы­мы мен 20 та­мы­зы ара­лы­ғын­да, ақы­лы негіз­де 25 мау­сы­мы мен 25 та­мыз ара­лы­ғын­да, оқу­дың кеш­кі және сырт­тай ны­са­ны­на - күн­тіз­бе­лік жыл­дың 25 мау­сы­мы мен 20 қыр­күй­е­гі ара­лы­ғын­да, шы­ғар­ма­шы­лық дай­ын­дық­ты та­лап ете­тін ма­ман­дық­тар бой­ын­ша -күн­тіз­бе­лік жыл­дың 25 мау­сы­мы мен 20 шіл­де­сі ара­лы­ғын­да, пе­да­го­ги­ка­лық ма­ман­дық­тар бой­ын­ша - күн­тіз­бе­лік жыл­дың 25 мау­сы­мы мен 15 та­мы­зы ара­лы­ғын­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­руы үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты - 15 ми­нут;
4) қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты - 15 ми­нут.
4
Көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ре­тін оқу ор­ны­на құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат неме­се Тіз­бе­нің 9-тар­ма­ғын­да жа­зы­л­ған негіз­дер­ге сәй­кес құ­жат­тар­ды одан әрі қа­ра­удан дәлел­ді бас тар­ту және осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес қол­хат бе­ру.
Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті тұл­ға­сы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы (бұ­дан әрі - ЭЦҚ) қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ха­бар­ла­ма жол­да­на­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­л­ген мер­зім­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін алу­ға өті­ніш біл­дір­ме­ген жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші олар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ал­ған­ға дей­ін қа­был­дау ор­ны бой­ын­ша сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
қыз­мет­ті бе­ру­ші: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін.
пор­тал: жөн­деу жұ­мыста­ры­ның жүр­гі­зі­лу­іне бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және нәти­же­лер­ді бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​edu.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) www.​egov.​kz пор­та­лын­да ор­на­лас­қан.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де:
1) құ­жат­тар­ды қа­был­дау ту­ра­лы өті­ніш;
2) бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тың түп­нұс­қа­сы;
3) 3x4 см кө­ле­мін­де­гі 4 да­на фо­то­су­рет;
4) «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы есеп­ке алу құ­жат­та­ма­сы­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21759 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген № 075-У ны­са­ны (бұ­дан әрі - № 075-У) бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма, бі­рін­ші неме­се екін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар мен ба­ла жа­сы­нан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар үшін «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы есеп­ке алу құ­жат­та­ма­сы­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21759 бо­лып тір­кел­ген) № 031-У ны­са­ны (бұ­дан әрі - № 031-У) бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма қо­ры­тындысы;
5) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат (тұл­ға­ны са­лы­сты­ру үшін). Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­ды же­ке өзі неме­се заң­ды өкіл­де­рі ұсы­на­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар – ше­тел­дік­тер және аза­мат­тығы жоқ адам­дар олар­дың мәр­те­бе­сін ай­қын­дай­тын, тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кел­ген­ді­гі ту­ра­лы бел­гі­сі бар құ­жат­ты ұсы­на­ды:
1) ше­тел­дік – ше­тел­дік­тің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­ру­ға ық­ти­яр ха­ты;
2) аза­мат­тығы жоқ тұл­ға – аза­мат­тығы жоқ тұл­ға­ның ку­ә­лі­гі;
3) бо­сқын – бо­сқын ку­ә­лі­гі;
4) па­на із­де­у­ші тұл­ға – па­на із­де­у­ші тұл­ға­ның ку­ә­лі­гі;
5) қан­дас – қан­дас ку­ә­лі­гі.
Пор­тал­ға:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның нақ­ты тұр­ғы­лық­ты же­рі көр­се­ті­л­ген, оның өкі­лі­нің ЭЦҚ қой­ы­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ата-ана­сы­ның (неме­се оның заң­ды өкіл­де­рі­нің) бі­рі­нің элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ні­ші;
2) бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се элек­трон­дық түр­де­гі бі­лім ту­ра­лы құ­жат;
3) № 075-У ны­са­ны бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма­ның, бі­рін­ші неме­се екін­ші топ­та­ғы мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар мен ба­ла жа­сы­нан мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар үшін № 031-У ны­са­ны бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі;
4) 3x4 см кө­ле­мін­де­гі цифр­лық фо­то­су­рет;
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма-есеп жі­бе­рі­ле­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат бе­рі­ле­ді, он­да:
1) тап­сы­ры­л­ған құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі;
2) құ­жат­тар­ды қа­был­дап ал­ған қыз­мет­кер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), ла­у­а­зы­мы, сон­дай-ақ бай­ла­ныс де­ректе­рі көр­се­ті­ле­ді.
Бел­гі­лі бір аумақ­та ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар шек­теу іс-ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асыр­ған, тө­тен­ше жағ­дай ен­гі­зі­л­ген, әле­умет­тік, та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­лар­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар осы тар­мақ­тың бі­рін­ші аб­за­цы­ның 4) тар­мақ­ша­сын­да және екін­ші аб­за­цы­ның 3) тар­мақ­ша­сын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды шек­теу іс-ша­ра­ла­ры­ның алы­нуы­на, тө­тен­ше жағ­дай­дың тоқ­та­ты­луы­на қа­рай ті­ке­лей бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на ұсы­на­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ма­те­ри­ал­дар, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі негіз бо­лып та­бы­ла­ды;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да элек­трон­дық ны­сан­да пор­тал ар­қы­лы неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған або­нент­тік нө­мі­рін пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на тір­ке­ген және қо­с­қан жағ­дай­да бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ала­ды;
2) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы «1414», 8 800 080 7777 ар­қы­лы ала­ды.

2 Құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 11 қазандағы
№ 420 бұйрығына
2-қосымша
Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білімнің
білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгілік қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда) немесе
көрсетілетін қызметті алушы
ұйымының атауы
____________________________
(көрсетілетін қызмет алушының
мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабын басшылыққа ала отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы ___________________________________ (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбағаныңызға және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты _________мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ____________________;
2) ____________________;
3)....
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/
білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда) _________ (қолы)
Орындаушының Т.А.Ә.
Телефоны __________
Алдым: Т.А.Ә. /көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 ___ жылғы «___» ______________

Қолданыстағы