Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 18 апреля 2018 года № 628 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» органов юстиции Республики Казахстан»

Бұйрық · № 500 · қабылданған 11.10.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2018-no-628-ekb-135287/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 18 апреля 2018 года № 628 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» органов юстиции Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 500 ·11.10.2019
11.10.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 18 апреля 2018 года № 628 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» органов юстиции Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 500 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 18 апреля 2018 года № 628 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» органов юстиции Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 628 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
500
Қабылданған күні
11.10.2019
Көрсетілген редакция
11.10.2019 135287_423642.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019473
ЭКБ идентификаторы
135287
Редакция идентификаторы
135287_423642
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:14

0 «Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 628 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 628 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16843 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әділет органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Б» корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.
Бағалауды өткізу кезінде «Б» корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.
Бағалау кезеңінде оқу демалысында, жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалысында, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысында болған «Б» корпусы қызметшілерін бағалау бағаланатын кезендегі нақты жұмыс істеген уақыты үшін, Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылдың 24 мамырынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы