О внесении изменений в постановление акимата Кармакшинского района от 18 января 2018 года № 643 «О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2018 году»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Кармакшинского района от 18 января 2018 года № 643 «О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2018 году»
- Атауы (қаз.)
- «2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 643 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 771
- Қабылданған күні
- 07.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2018 124221_346233.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LE006409
- ЭКБ идентификаторы
- 124221
- Редакция идентификаторы
- 124221_346233
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:33
0 «2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы №643 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы №643 «2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6157 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 8 ақпанда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.»;
3-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«3. «Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.».