О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 18 марта 2019 года № 10/НҚ «Об утверждении перечня товаров, импорт которых освобождается от налога на добавленную стоимость»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 18 марта 2019 года № 10/НҚ «Об утверждении перечня товаров, импорт которых освобождается от налога на добавленную стоимость»
- Атауы (қаз.)
- «Импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 10/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23/НҚ
- Қабылданған күні
- 23.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 23.01.2023 178221_618324.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031758
- ЭКБ идентификаторы
- 178221
- Редакция идентификаторы
- 178221_618324
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:34
0 «Импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 10/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 10/НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18413 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесінде:
Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту:
1. Қосылған құн салығынан босату мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген.
2. 2022 жылғы 10 мамырға дейін «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркінің қатысушылары болып табылатын салық төлеушілердің цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым ұсынатын деректерді өңдеу орталықтары (Data-орталықтар) арқылы қызметтер көрсету жөніндегі қызметтің басым түрін жүзеге асыру кезінде пайдалану мақсатында әкелінген тауарларды пайдалануы және (немесе) оларға билік етуі бойынша шектеу 2022 жылғы 10 мамырда тоқтатылады.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 10 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі