О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 декабря 2019 года № 1069 «Об утверждении профессионального стандарта «Деятельность по обеспечению безопасности в чрезвычайных ситуациях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 декабря 2019 года № 1069 «Об утверждении профессионального стандарта «Деятельность по обеспечению безопасности в чрезвычайных ситуациях»
- Атауы (қаз.)
- «Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 1069 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 98
- Қабылданған күні
- 01.03.2021
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2021 153224_511875.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022292
- ЭКБ идентификаторы
- 153224
- Редакция идентификаторы
- 153224_511875
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:24
0 «Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 1069 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 1069 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19752 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі» кәсіби стандартының:
кәсіби стандартына қосымшада:
мына:
«
Кәсіби білімінің деңгейі
Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлығы мен оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органы ведомствоның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқытуы болған кезде жалпы орта білім. Негізгі орта білім базасында техникалық және кәсіби білім.
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Кәсіби білімінің деңгейі
Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлығы мен оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқытуы болған кезде жалпы орта білім. Негізгі орта білім базасында техникалық және кәсіби білім.
»;
мына:
«
Кәсіби білімнің деңгейі
Жалпы орта білім және Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлығы мен оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органы ведомствоның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқытуы. Негізгі орта білім базасындағы техникалық және кәсіби.
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Кәсіби білімнің деңгейі
Жалпы орта білім және Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлығы мен оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқытуы. Негізгі орта білім базасындағы техникалық және кәсіби.
»;
мына:
«
Жалпы орта білім. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлығы мен оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органы ведомствоның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту, біліктілікті арттыру. Техникалық және кәсіби білім.
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Жалпы орта білім. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлығы мен оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту, біліктілікті арттыру. Техникалық және кәсіби білім.
»;
мына:
«
Кәсіби білімінің деңгейі
Жалпы орта білім. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлау және оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органы ведомствоның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту, біліктілікті арттыру.
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Кәсіби білімінің деңгейі
Жалпы орта білім. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлау және оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту, біліктілікті арттыру.
»;
мына:
«
Кәсіби білімінің деңгейі
Жалпы орта, техникалық және жоғары деңгейдегі кәсіптік білім (Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлық және оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органы ведомствоның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту).
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Кәсіби білімінің деңгейі
Жалпы орта, техникалық және жоғары деңгейдегі кәсіптік білім (Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған орталықтарда арнайы даярлық және оқыту курстары және/немесе азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның білім беру ұйымдарында арнайы бастапқы оқыту).
».
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлігі