Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 18 декабря 2019 года № 220 «О Совете по финансовой стабильности Республики Казахстан»

Жарлық · № 591 · қабылданған 03.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2019-no-220-ekb-156296/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 18 декабря 2019 года № 220 «О Совете по финансовой стабильности Республики Казахстан» Қолданыста Жарлық ·№ 591 ·03.06.2021
03.06.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 18 декабря 2019 года № 220 «О Совете по финансовой стабильности Республики Казахстан»

Қолданыста Жарлық ·№ 591 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 18 декабря 2019 года № 220 «О Совете по финансовой стабильности Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
591
Қабылданған күні
03.06.2021
Көрсетілген редакция
03.06.2021 156296_527100.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2100000591
ЭКБ идентификаторы
156296
Редакция идентификаторы
156296_527100
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:57

0 «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі

кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығына
өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы ережеде:
8-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Кеңес отырыстарын өткізу нысанын, күнін, орнын және уақытын айқындайды;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімде, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі. Кеңес отырыстары оның мүшелерінің тікелей қатысуымен немесе сырттай нысанда өткізіледі және Кеңес төрағасын қоса алғанда, Кеңестің кемінде төрт мүшесі дауыс беруге қатысқан кезде құқықтық күші бар болып саналады.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдау аяқталған күн Кеңестің отырыстарын сырттай нысанда өткізу күні болып табылады.
Кеңестің құрамына кіретін лауазымды адам орнында болмаған жағдайда, Кеңес отырысына орнында болмаған лауазымды адамның міндеттерін атқаратын адам дауыс беру, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге немесе Кеңес отырысының хаттамасына қол қою құқығымен қатысады.»;
12-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының өткізілетін нысаны, күні, орны, уақыты және күн тәртібі туралы, Кеңес отырысы сырттай нысанда өткізілген кезде сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдау аяқталатын күн туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарға хаттаманың көшірмесін және өзге қажетті материалдарды жібереді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.
Отырыс тікелей қатысу нысанында өткізілген кезде Кеңестің жұмыс органы өткізілген отырыстан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді және Кеңестің мүшелеріне келісуге жібереді және Кеңестің жұмыс органы оларға хаттаманы жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде отырысқа қатысқан Кеңестің барлық мүшелері қол қояды.
Отырыс сырттай нысанда өткізілген кезде Кеңестің жұмыс органы хаттаманы сырттай дауыс берудің алынған бюллетеньдері негізінде дауыстарды санау қорытындысы бойынша өткізілген отырыстан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімдейді және оны Кеңестің жұмыс органы ресімдеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңес төрағасы қол қояды.».

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы