О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 апреля 2019 года № 26 «Об утверждении перечня регулируемых услуг»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 апреля 2019 года № 26 «Об утверждении перечня регулируемых услуг»
- Атауы (қаз.)
- «Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 72
- Қабылданған күні
- 13.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2024 200845_764090.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035084
- ЭКБ идентификаторы
- 200845
- Редакция идентификаторы
- 200845_764090
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:41
0 «Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы
18 сәуірдегі № 26 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Реттеліп көрсетілген қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18558 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және өткізу саласында:
жылу энергиясын өндіру;
жылу энергиясын беру, бөлу және өткізу;
жылу энергиясын өндіру, беру және тарату;
жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу.».
2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары
және ирригация
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі