Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 18 ноября 2019 года № 30-1 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Западно-Казахстанской области»

Өзге акт · № 6-2 · қабылданған 30.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2019-no-30-1-ekb-159328/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 18 ноября 2019 года № 30-1 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Западно-Казахстанской области» Қолданыста Өзге акт ·№ 6-2 ·30.09.2021
30.09.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 18 ноября 2019 года № 30-1 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Западно-Казахстанской области»

Қолданыста Өзге акт ·№ 6-2 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 18 ноября 2019 года № 30-1 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Западно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-1 «Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6-2
Қабылданған күні
30.09.2021
Көрсетілген редакция
30.09.2021 159328_540772.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21Z0024700
ЭКБ идентификаторы
159328
Редакция идентификаторы
159328_540772
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:31

0 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-1 «Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5866 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

Мәслихаттың 2021 жылғы
30 қыркүйектегі №6-2
шешіміне қосымша
Мәслихаттың 2019 жылғы
18 қарашадағы №30-1 шешіміне
қосымша
Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

1

1. Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

2

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау түріндегі тұрғын үй сертификаттары Батыс Қазақстан облысы бойынша 1,5 (бір миллион бес жүз мың) миллион теңге мөлшерінде айқындалды.

3 3. Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттары:

1 1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;

2 2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

3 3) толық емес отбасылар;

4 4) денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын қажетті мамандар.

Қолданыстағы