О внесении изменения в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 18 ноября 2019 года № 30-1 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Западно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 18 ноября 2019 года № 30-1 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Западно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-1 «Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй cертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 14-2
- Қабылданған күні
- 12.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2022 172995_597162.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22Z0030211
- ЭКБ идентификаторы
- 172995
- Редакция идентификаторы
- 172995_597162
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:29
0 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы
№ 30-1 «Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй cертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5866 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
2022 жылғы 12 қазандағы
№ 14-2
Шешіміне қосымша
2019 жылғы 18 қарашадағы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының №30-1 шешіміне қосымша
Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
1
1. Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері: