Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Семей от 18 января 2019 года № 34/227-VI «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Ереже · № 50/371-VI · қабылданған 19.03.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2019-no-34227-vi-ekb-141224/on/2026-09-05/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Семей от 18 января 2019 года № 34/227-VI «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 50/371-VI ·19.03.2020
29.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
05.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Семей от 18 января 2019 года № 34/227-VI «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 50/371-VI · 05.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Семей от 18 января 2019 года № 34/227-VI «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 34/227-VI «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
50/371-VI
Қабылданған күні
19.03.2020
Көрсетілген редакция
29.03.2024 141224_698558.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VB006864
ЭКБ идентификаторы
141224
Редакция идентификаторы
141224_698558
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:33

0 Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы

№ 34/227-VI «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 4, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Семей қаласы мәслихатының 2019 жылдың 18 қаңтардағы № 34/227-VI «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-2-207 болып тіркелген, 2019 жылдың 7 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 4, 5-тармақтарына Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 шешіміне сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасындағы:
тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
Осы «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету ережесі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы 97-бабы 4,5-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақытөлеудің кейбір мәселелері туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы», (бұдан әрі – Ереже) қаулыларына сәйкес әзірленді.»;
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.»;
Телекоммуникация желісінде қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне 7 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
3 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
8-ші тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы