О внесении изменений в решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 18 марта 2019 года № 35/4 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах района Шал акына Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 18 марта 2019 года № 35/4 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах района Шал акына Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2019 жылғы 18 наурыздағы № 35/4 «Азаматтық қызметші болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 20/2
- Қабылданған күні
- 30.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2022 165828_567458.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22SN027325
- ЭКБ идентификаторы
- 165828
- Редакция идентификаторы
- 165828_567458
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:48
0 Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының
2019 жылғы 18 наурыздағы № 35/4 «Азаматтық қызметші болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының «Азаматтық қызметші болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы № 35/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5265 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауылдық жерінде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.».