О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 января 2019 года № 4 «Об утверждении Правил уплаты, распределения и перечисления единого совокупного платежа в виде индивидуального подоходного налога и социальных платежей, а также их возврата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 января 2019 года № 4 «Об утверждении Правил уплаты, распределения и перечисления единого совокупного платежа в виде индивидуального подоходного налога и социальных платежей, а также их возврата»
- Атауы (қаз.)
- «Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 383
- Қабылданған күні
- 23.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2020 144046_468376.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000383
- ЭКБ идентификаторы
- 144046
- Редакция идентификаторы
- 144046_468376
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:57
0 «Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
18 қаңтардағы № 4 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 1, 6-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару,
сондай-ақ оларды қайтару қағидаларында:
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуметтік төлемдер – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) –кәсіпкерлік қызметті дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын, Кодекстің 774-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың азаматтық халді сәйкестендіру және анықтау үшін жеткілікті бірыңғай жүйесі.»;
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) төлеушi қайтаруды талап ететiн сома төлеушiнің тұрақты тiркелген жері бойынша тиiстi бюджетке, МӘСҚ, ӘлМСҚ мен БЖЗҚ-ға аударылған сомаға сәйкес келмеген;».