Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 18 октября 2019 года № 40/5-VІ «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Абайском районе»

Өзге акт · № 2/8-VIII · қабылданған 27.04.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2019-no-405-v/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 18 октября 2019 года № 40/5-VІ «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Абайском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 2/8-VIII ·27.04.2023
22.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 18 октября 2019 года № 40/5-VІ «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Абайском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 2/8-VIII · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 18 октября 2019 года № 40/5-VІ «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Абайском районе»
Атауы (қаз.)
Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 40/5-VІ «Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2/8-VIII
Қабылданған күні
27.04.2023
Көрсетілген редакция
22.12.2023 180832_683743.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23FD006318
ЭКБ идентификаторы
180832
Редакция идентификаторы
180832_683743
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:29

0 Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қазандағы № 40/5-VІ

«Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Абай аудандық мәслихатының «Абай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2019 жылғы 18 қазандағы № 40/5-VІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6245 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1, 3 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Абай ауданында тұратын, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 28 қарашаға № 661 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 174591 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы