Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 декабря 2019 года № 94 «Об утверждении Правил определения цены на биржевые товары, сложившейся в ходе надлежаще проведенных торгов на товарных биржах и электронных торговых площадках, не признаваемой монопольно высокой (низкой)»

Бұйрық · № 9 · қабылданған 18.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2019-no-94/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 декабря 2019 года № 94 «Об утверждении Правил определения цены на биржевые товары, сложившейся в ходе надлежаще проведенных торгов на товарных биржах и электронных торговых площадках, не признаваемой монопольно высокой (низкой)» Қолданыста Бұйрық ·№ 9 ·18.02.2025
18.02.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 декабря 2019 года № 94 «Об утверждении Правил определения цены на биржевые товары, сложившейся в ходе надлежаще проведенных торгов на товарных биржах и электронных торговых площадках, не признаваемой монопольно высокой (низкой)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 9 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 18 декабря 2019 года № 94 «Об утверждении Правил определения цены на биржевые товары, сложившейся в ходе надлежаще проведенных торгов на товарных биржах и электронных торговых площадках, не признаваемой монопольно высокой (низкой)»
Атауы (қаз.)
«Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 94 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9
Қабылданған күні
18.02.2025
Көрсетілген редакция
18.02.2025 207226_744815.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035738
ЭКБ идентификаторы
207226
Редакция идентификаторы
207226_744815
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:03

0

«Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 94 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19768 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 175-бабы 4-1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 175-бабы 4-1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және монополиялық тұрғыдан жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше жүргізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау тәртібін белгілейді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
«1) биржалық тауар – бірліктері барлық жағынан сәйкес келетін, сипаттамалары ұқсас және ұқсас құрамдауыштардан тұратын, биржалық тауарлардың тізбесіне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген стандартталған біртекті тауар, бұл оларға түрлі өндірушілерден шыққан, толық өзара алмастыру қасиеті бар партиялардың функцияларын орындауға мүмкіндік береді;
2) монополияға қарсы орган – бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Нарық субъектілерінің осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген шарттарды сақтауын монополияға қарсы орган құрамына монополияға қарсы органның, салалық мемлекеттік органдардың және «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін жұмыс тобын қалыптастыру арқылы қамтамасыз етеді.»;
7-тармақ алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Тергеп-тексерулер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін бұйрықтың 1-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы