О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Бирликского сельского округа Баянаульского района от 18 мая 2020 года № 1-17/4 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Мажит» расположенного на участке Акбаз Бирликского сельского округа Баянаульского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Бирликского сельского округа Баянаульского района от 18 мая 2020 года № 1-17/4 «Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Мажит» расположенного на участке Акбаз Бирликского сельского округа Баянаульского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 мамырдағы «Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Ақбаз учаскесінде орналасқан «Мажит» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-17/4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-17/6
- Қабылданған күні
- 18.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2020 145608_476934.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PED06912
- ЭКБ идентификаторы
- 145608
- Редакция идентификаторы
- 145608_476934
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:11
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 мамырдағы «Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Ақбаз учаскесінде орналасқан «Мажит» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»
№ 1-17/4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 24 шілдедегі № 2-19/150 ұсынысы негізінде, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Ақбаз учаскесінде орналасқан «Мажит» шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 мамырдағы «Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округінің Ақбаз учаскесінде орналасқан «Мажит» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-17/4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6831 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.