О снятии ограничительных меропрятий и признании утратившим силу решение акима сельского округа Какпак от 18 марта 2020 года № 19 «Об установлении ограничительных мер на территории улицы Коктем населенного пункта Сырлысай сельского округа Какпак»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных меропрятий и признании утратившим силу решение акима сельского округа Какпак от 18 марта 2020 года № 19 «Об установлении ограничительных мер на территории улицы Коктем населенного пункта Сырлысай сельского округа Какпак»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алып тастау және Қақпақ ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 19 «Қақпақ ауылы округі Сырлысай елді мекені Көктем көшесі аумағына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы» шешімінің қүшін жою туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 26.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2020 143273_463340.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UFF05633
- ЭКБ идентификаторы
- 143273
- Редакция идентификаторы
- 143273_463340
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:20
0 Шектеу іс-шараларын алып тастау және Қақпақ ауылы округі әкімінің 2020 жылғы18 наурыздағы № 19 «Қақпақ ауылы округі Сырлысай елді мекені Көктем көшесі аумағына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы» шешімінің қүшін жою туралы
Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 18 мамырдағы №0205/182 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. Бір бас иттің құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Қақпақ ауылы округі, Сырлысай елді мекені Көктем көшесінің аумағында шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2
2. Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылы округі әкімінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №19 «Қақпақ ауылы округі Сырлысай елді мекені Көктем көшесі аумағына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы» (Нормативтік құқұықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5509 болып тіркелген және 2020 жылы 19 наурызда Қазақстан Республикасының норамтивтік
құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазығұрт ауданының «Қақпақ ауылы округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;