Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 мая 2020 года № 209 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из организаций образования»

Бұйрық · № 586 · қабылданған 10.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2020-no-209-ekb-161956/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 мая 2020 года № 209 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из организаций образования» Қолданыста Бұйрық ·№ 586 ·10.12.2021
10.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 мая 2020 года № 209 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из организаций образования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 586 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 мая 2020 года № 209 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из организаций образования»
Атауы (қаз.)
«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
586
Қабылданған күні
10.12.2021
Көрсетілген редакция
10.12.2021 161956_552862.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025911
ЭКБ идентификаторы
161956
Редакция идентификаторы
161956_552862
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:09

0 «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 209 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20668 болып тіркелген) өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
3) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.».
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес көрсетеді.».
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді;
2) кауапты құрылымдық бөлімше басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерге құжаттарды жолдайды;
3) жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды тіркеген сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды берген жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде дәлелді бас тартуды дайындайды;
4) көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және жауап алу үшін тиісті білім беру ұйымдарына сұрау салуды ресімдейді;
5) білім беру ұйымында оқу расталған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 4 (төрт) жұмыс күні ішінде құжаттарға апостиль қояды, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың өткізілетін әдісі және орны, уақыты туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші білім туралы құжатты апостильдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарға қол қойғаннан кейін жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына тіркейді, содан кейін дайын құжаттарды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей курьер арқылы немесе пошта байланысы арқылы мемлекеттік корпорацияға беру үшін жібереді.».
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде, электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді;
2) жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттарды қабылдауды және толықтығын тексеруді жүзеге асырады, егер порталда барлық жолдар толтырылған және қосымшалар дұрыс бекітілген жағдайда, ақы төлеуге жібереді;
Егер өтініш беруші ақыны төлемесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
3) көрсетілетін қызметті алушы ақы төлегеннен кейін жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау және жауап алу үшін тиісті білім беру ұйымдарына сұрау салуды ресімдейді;
4) білім беру ұйымында оқу расталған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" 4 (төрт) жұмыс күні ішінде апостиль қою үшін құжаттардың түпнұсқаларын апостильдеу үшін орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы беру туралы хабарлама жібереді, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың өткізілетін әдісі және орны, уақыты туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, немесе портал арқылы «жеке кабинетіне» ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші білім туралы құжатты апостильдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде апостиль қою үшін құжаттарға қол қойғаннан кейін, сондай-ақ оларды құжаттарды тіркеу кітабына тіркегеннен кейін, дайын құжаттарды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей курьер немесе пошта байланысы арқылы мемлекеттік корпорацияға беру үшін жібереді.».
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.».
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.».
Көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2021 жылғы «___» ___________

0 Министрдің міндетін атқарушы

2021 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 586 бұйрығына
қосымша
«Білім беру ұйымдарынан
шығатын ресми құжаттарды
апостильдеу» мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
«Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­нан шы­ға­тын ре­сми құ­жат­тар­ды апо­стиль­деу» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі Бі­лім және ғы­лым са­ла­сын­да­ғы са­па­ны қам­та­ма­сыз ету ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық де­пар­та­мент­те­рі.
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі.
Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) және «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні;
2) пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де – 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні;
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді:
1) мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут;
2) мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) /қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
«апо­стиль» мөр­таң­ба­сы қой­ы­л­ған дай­ын құ­жат­тар­ды қа­ғаз жет­кіз­гіш­те бе­ру
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алуы­ша­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­сет­ке­ні үшін мем­ле­кет­тік баж алы­на­ды, ол «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы (Са­лық ко­дек­сі)» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сіне сәй­кес мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу кү­ніне бел­гі­лен­ген 0,5 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті құ­рай­ды.
Мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға элек­трон­дық сұ­рау са­лу­ды пор­тал ар­қы­лы бер­ген кез­де тө­лем "элек­трон­дық үкі­мет­тің" тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Ал­дын ала тө­лен­ген жағ­дай­да тө­лем құ­жа­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі қо­са бе­рі­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, бе­кі­ті­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін;
Қа­был­дау «элек­трон­ды» ке­зек тәр­ті­бі­мен, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы бронь­да­у­ға бо­ла­ды;
пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​edu.​gov.​kz. ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ин­тер­нет-ре­сур­сы: www.​gov4c.​kz, www.​egov.​kz.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се се­нім­хат бой­ын­ша өкіл Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де:
1) осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
2) же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат және (неме­се) цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі ар­қы­лы элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін);
3) апо­стиль қою үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат (түп­нұс­қа);
4) мем­ле­кет­тік баж­ды тө­ле­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек (түп­нұс­қа).
пор­тал­ға:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы қой­ы­л­ған элек­трон­ды құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу;
2) апо­стиль қою үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бюд­жет­ке алым со­ма­сы үшін тө­лен­ге­нін рас­тай­тын, же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­ле­ген жағ­дай­да) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы, егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше көз­дел­ме­се, ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға жа­з­ба­ша ке­лі­сім бе­ре­ді.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда дай­ын құ­жат­тар­ды бе­ру же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты көр­сет­кен кез­де ти­іс­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дау ту­ра­лы қол­хат негі­зін­де және (неме­се) цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін) (не но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­лі) ар­қы­лы элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция нәти­же­ні бір ай бойы сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді, со­дан кей­ін олар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге одан әрі сақ­тау үшін бе­ре­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бір ай өт­кен соң жү­гін­ген кез­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның сұ­ра­уы бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бір жұ­мыс кү­ні ішін­де дай­ын құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бе­ру үшін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жі­бе­ре­ді.
Ти­іс­ті құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға өті­ніш­тің қа­был­дан­ға­нын рас­тау бо­лып та­бы­ла­ды.
Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның "же­ке ка­би­не­тіне" мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе жі­бе­рі­ле­ді.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Ше­тел­дік ре­сми құ­жат­тар­ды заң­да­сты­ру та­лап­та­рын жо­я­тын 1961 жы­л­ғы 5 қа­зан­да­ғы Га­а­га Кон­вен­ци­я­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
10
Мем­ле­кет­тік, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Ты­ныс-тір­ші­лі­гін шек­тей­тін ор­га­низм функ­ци­я­ла­ры тұ­рақ­ты бұ­зы­лып, ден­са­улы­ғы на­шар­ла­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға қа­жет болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі 1414, 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гі­ну ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры: 8 (7172) 74-24-30. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, 1414, 8-800-080-7777 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­ны неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі "цифр­лық құ­жат­тар" бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.

Қолданыстағы