Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 марта 2020 года № 224 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача заключения на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему»

Бұйрық · № 892 · қабылданған 29.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2020-no-224-ekb-151150/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 марта 2020 года № 224 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача заключения на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему» Қолданыста Бұйрық ·№ 892 ·29.12.2020
29.12.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 марта 2020 года № 224 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача заключения на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему»

Қолданыста Бұйрық ·№ 892 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 марта 2020 года № 224 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача заключения на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
892
Қабылданған күні
29.12.2020
Көрсетілген редакция
29.12.2020 151150_506935.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021998
ЭКБ идентификаторы
151150
Редакция идентификаторы
151150_506935
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:18

0 «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20173 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 31 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 892 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 «18» наурыздағы
№ 224 бұйрығына
1-қосымша
«Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және оны ұсыну тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) Бірыңғай байланыс-орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің бейінді құрылымдық бөлінісі – аумақтық полиция органының жедел-криминалистикалық бөлінісі;

3 3) криминалистикалық талаптар – азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына, оларды сәйкестендiру және заңсыз қолдан жасау мүмкiндiгiн болғызбау мақсатында қойылатын арнайы техникалық талаптар;

4 4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі;

5 5) сынау зертханасының басшысы – аумақтық полиция органының жедел-криминалистикалық бөлінісінің бастығы немесе ол уәкілеттік берген адам;

6 6) сынау объектілері – азаматтық және қызметтiк қару және оның патрондары;

7

7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

8 8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандардың жинағы.

3 3. «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4

4. Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағына сәйкес құжаттар мен сынау объектілерін ұсына отырып жүгінеді.
Көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Стандартта жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар мен сынау объектілерінің тізімдемесін жасайды және оны өтінішке қоса береді.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінішті қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама көрсетіледі.

5

5. Бір мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде азаматтық және қызметтік қару мен оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігін сынауға қарудың немесе бұйымның бір моделі (модификациясы), қызметтік және азаматтық қару патрондарының бір түрі немесе арбалеттердің немесе садақтар снарядтарының бір модификациясы жатады.

6

6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен сәттен бастап оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және сынау зертханасының басшысына орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Сынау зертханасының басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтініші келіп түскен күні бейінді құрылымдық бөліністің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушысы) анықтайды.
Өтінішті портал арқылы алған кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сынау объектілерін ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы сынау объектілерін ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей сынау объектілерін қолма-қол ұсынады.

7 7. Жауапты орындаушы құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен сынау объектілерінің толықтығын тексереді.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

8

8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған не сынау объектілерін толық көлемде ұсынбаған кезде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 7-тармақта көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қарау туралы дәлелді бас тарту дайындайды, оған сынау зертханасының басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алуға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы келіп түскен құжаттар пакетін толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған дәлелді бас тарту жолдайды.
Портал арқылы келіп түскен құжаттар пакетімен сынау объектілерінің сәйкес келмеуі анықталған кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сынау объектілерін қайтару күні мен уақытын көрсете отырып, дәлелді бас тарту жолдайды.

9 9. Мыналар:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарда дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді (деректерді) анықтау;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

10 10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен сынау объектілерінің толық пакетін ұсынған кезде жауапты орындаушы:

он жұмыс күні ішінде ұсынылған сынау объектілерінің «Криминалистік талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынау әдістерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10747 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 сәуірде жарияланған) сәйкес криминалистік талаптарға сәйкес келуін анықтау үшін сынақ жүргізеді;
екі жұмыс күні ішінде жүргізілген сынаулардың нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша криминалистік талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасын (бұдан әрі – сынау хаттамасы) ресімдейді, екі данада сынау хаттамасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды жасайды;
бір жұмыс күнінің ішінде азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасына сынау зертханасының басшысы қол қояды, азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасын тіркеу үшін кеңсеге береді және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды берілгені туралы мәлімет енгізеді. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сынау хаттамасының электрондық көшірмесін қоса отырып, сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған сынау объектілерін қайтару орнын көрсете отырып хабарлама жолдайды.

11

11. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бейінді құрылымдық бөліністің жауапты орындаушысымен бірлесіп, көрсетілетін қызметті алушыға азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындының бір данасын, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар пакетін, сынау объектілерін жолдайды. Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындының екінші данасы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде сақтауда қалады.

12 12. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтер енгізуді қамтамасыз етеді.

13 13. Сынау зертханасының басшысы және (немесе) жауапты орындаушы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген осы Қағидаларды бұзушылықтар үшін жауапты.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi

14

14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.

15 15. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

16 16. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

17 17. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен, сондай-ақ осы мәселе бойынша бұрын жолданған шағымдарға алынған жауаптармен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

0.1 ӨТІНІШ

«Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына
1-қосымша
_____________________________
көрсетілетін қызметті беруші ұйымының
_______________________________
атауы,
_______________________________
атауы және заңды мекенжайы, телефоны,
_______________________________
көрсетілетін қызметті алушының
_______________________________
электрондық почтасы
ӨТІНІШ
Объектілер тізімдемесіне сәйкес ұсынылған сынау нәтижелері бойынша азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беруді сұраймын.
Қосымша: тізімдемеге сәйкес құжаттар______парақта және объектілер саны _______данада, құжаттар мен объектілердің тізімдемесі ________парақта.
Осылармен:
көрсетілетін қызметті алушының барлық көрсетілген деректері байланыс жасау үшін ресми болып табылатыны және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдауға болатыны;
барлық қоса берілген құжаттар мен объектілер шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.
Заңды тұлғаның басшысы немесе сенімхат негізінде өкілі
_______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңба
Толтырылған күні 20 _____жылғы «____»_______________

0.2 «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

2-қосымша
«Аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру­дың және оған па­трон­дар­дың кри­ми­на­ли­стік та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гіне қо­ры­тын­ды бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты (бұ­дан әрі – Стан­дарт)
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
аумақ­тық по­ли­ция ор­ган­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну әді­сте­рі
Өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру­ді аумақ­тық по­ли­ция ор­ган­да­ры және (неме­се) www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Көр­се­ту мер­зі­мі – он бес жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) /қа­ғаз тү­рін­де
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сi
аза­мат­тық және қыз­мет­тiк қа­ру­дың және оған па­трон­дар­дың кри­ми­на­ли­стік та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гіне қо­ры­тын­ды неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» сы­нау зерт­ха­на­сы бас­шы­сы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жол­да­на­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны – элек­трон­ды / қа­ғаз тү­рін­де
6
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және оны алу тә­сіл­де­рі
мем­ле­кет­тік қыз­мет ақы­сыз негіз­де көр­се­ті­ле­ді
7
«Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы­ның және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді.
Пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де құ­жат­тар­ды қа­был­дау және көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­ле­рін бе­ру Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды) тәу­лік бойы.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да: www.​mvd.​gov.​kz «Мем­ле­кет­тiк көр­сетiлетiн қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де;
2) www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың және сы­нау объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:
1) заң­ды тұл­ға­ның өкі­лі үшін се­нім­хат­пен осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өті­ні­ші;
2) фир­ма­ның ка­та­ло­гы, мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­ріне ауда­ры­л­ған сы­нау объ­ек­ті­сі пас­пор­ты­ның түп­нұс­қа­сы және/неме­се оны пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі нұс­қа­улық;
3) ке­лі­сім­шар­ттың кө­шір­ме­сі және өті­ніш бе­ру­ші фир­ма­ның бас­шы­лы­ғы ку­әлан­дыр­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лін­ген пар­ти­яда­ғы сы­нау объ­ек­тіcі нө­мір­ле­рі­нің тіз­бе­сі.
Пор­тал­ға:
1) заң­ды тұл­ға­ның өкі­лі үшін се­нім­хат­пен осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өті­ні­ші;
2) фир­ма­ның ка­та­ло­гы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, мем­ле­кет­тік және орыс тіл­де­ріне ауда­ры­л­ған сы­нау объ­ек­ті­сі пас­пор­ты­ның түп­нұс­қа­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі және/неме­се оны пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
3) ке­лі­сім­шар­ттың және өті­ніш бе­ру­ші фир­ма­ның бас­шы­лы­ғы ку­әлан­дыр­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лін­ген пар­ти­яда­ғы сы­нау объ­ек­ті­ле­рі нө­мір­ле­рі­нің тіз­бе­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Сы­нау объ­ек­ті­ле­рі:
атыс, ұң­ғы­сыз, сиг­нал­ды, га­з­ды, электр, пнев­ма­ти­ка­лық қа­ру­ды, оның па­трон­да­рын, сон­дай-ақ кон­струк­ци­я­лық жа­ғы­нан қа­ру­ға ұқсас бұй­ым­дар­ды (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на қа­ру­дың (кол­лек­ци­я­лық және экс­клю­зив­ті) си­рек әке­лін­ген жағ­дай­лар­дан бас­қа) сы­нау ке­зін­де:
өзін-өзі қор­ғау және сиг­нал­ды қа­руы – әр мо­дель­дің неме­се түр­лен­ді­ру­дің ке­мін­де жиыр­ма да­на па­тро­ны бар (га­з­ды қа­ру үшін қо­сым­ша ке­мін­де он бес да­на бос па­трон ұсы­ны­ла­ды) үш да­на­сы;
қыз­мет­тік, спорт­тық және аң­шы­лық қа­ру – әр мо­дель­дің неме­се түр­лен­ді­ру­дің ке­мін­де отыз да­на па­тро­ны (сна­ря­ды) бар екі да­на­сы;
кон­струк­ци­я­лық жа­ғы­нан қа­ру­ға ұқсас бұй­ым – әр мо­дель­дің неме­се түр­лен­ді­ру­дің төрт да­на­сы;
қыз­мет­тік және аза­мат­тық қа­ру­ға па­трон­дар – әзір­ле­у­ші кә­сі­по­рын­ның ба­стап­қы ора­ма­сын­да ке­мін­де жиыр­ма да­на;
суық және лақ­ты­ры­ла­тын қа­ру­ды, сон­дай-ақ сырт­қы құ­ры­лы­сы бой­ын­ша осын­дай қа­ру­ға ұқсас бұй­ым­дар­ды (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на қа­ру­дың же­ке (кол­лек­ци­я­лық және экс­клю­зив­ті) да­на­сы әке­лін­ген жағ­дай­дан бас­қа) сы­нау ке­зін­де:
сұқ­па­лы суық және лақ­ты­ры­ла­тын қа­ру бо­лып та­бы­ла­тын заттар – әр мо­дель­дің неме­се түр­лен­ді­ру­дің үш да­на­сы;
сырт­қы құ­ры­лы­сы бой­ын­ша суық және лақ­ты­ры­ла­тын қа­ру­ға ұқса­стығы бар ар­найы құ­рал­дар – әр мо­дель­дің неме­се түр­лен­ді­ру­дің төрт да­на­сы;
сырт­қы құ­ры­лы­сы бой­ын­ша суық және лақ­ты­ры­ла­тын қа­ру­ға ұқса­стығы бар ша­ру­а­шы­лық-тұр­мыстық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар – әр мо­дель­дің неме­се түр­лен­ді­ру­дің екі да­на­сы;
ар­ба­лет­тер­ге неме­се са­дақ­тар­ға сна­ряд­тар – әр түр­лен­ді­ру­дің он бес бір­лі­гі ұсы­ны­ла­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­да дұ­рыс емес және (неме­се) то­лық емес мә­лі­мет­тер­ді (де­ректер­ді) анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты қыз­ме­тіне неме­се осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы.
10
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ЭЦҚ болған кез­де пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар;
3) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сы: www.​mvd.​gov.​kz «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы 1414, 8 800 080 7777.

0.3 ҚҰЖАТТАР МЕН ОБЪЕКТІЛЕР ТІЗІМДЕМЕСІ

«Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына
3-қосымша
ҚҰЖАТТАР МЕН ОБЪЕКТІЛЕР ТІЗІМДЕМЕСІ
р/с №
Дараландыратын белгілерін көрсете отырып, құжаттар мен объектілердің атауы
Саны
Қосымша мәліметтер
Заңды тұлғаның басшысы немесе сенімхат негізінде өкілі
__________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңба
20__жылғы «____» _________

0.4 «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына

4-қосымша
[Мемлекеттік тілде УО атауы)] Мемлекеттік тілде УО деректемелері
[Орыс тілінде УО атауы)] Орыс тілінде УО деректемелері
Дәлелді бас тарту
Нөмірі:_______ Берілген күні:
[Көрсетілетін қызметті алушының ұйымының атауы]
Сіздің 2020 жылғы «____»_______№_______ өтінішіңізді қарап, _____________________________________________________________________________
[«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес бас тарту себебі]
байланысты «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз.
Сынау зертханасының басшысы:
_______________________________________________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__
те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де) және элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы

0.5 Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасы

«Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына
5-қосымша
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасы
№ _________ 20____ жылғы «___» ________
шығыс № ________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының сынау объектілерін жолдау туралы
____________________________________________________________________
өтінішінің деректемелері көрсетіледі
____________________________________________________________________
Сынау объектісі_______________________________________________________
өндіруші фирманың толық атауы, қару мен патрондардың,
_____________________________________________________________________
снарядтардың түрі, моделі, калибрі, сериясы мен шыққан жылы (болған кезде),
_____________________________________________________________________
таңбалау белгілері көрсетіледі
Жүргізілген сынақтардың нәтижесі: ________________________________________
сынақтарды жүргізу барысы мен
_______________________________________________________________________
қорытындылары сипатталады
Сынауды жүргізген: _______ ______________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

0.6 Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне № ____ қорытынды

«Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына
6-қосымша
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың
криминалистік талаптарға сәйкестігіне
№ ____ қорытынды
20____ жылғы «____» ________
Өтініш: 20____ жылғы «____» ______________ кіріс № ____________________
Көрсетілетін қызметті алушы:__________________________________________
Заңды мекенжайы: __________________________________________________
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың
криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау бойынша
ШЕШІМ
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қосымша: Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасы. Сынау объектілері қолма-қол ұсынылады.
Сынау зертханасының басшысы:
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңба
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондарға қойылатын криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының артқы беті
20 ____жылғы «___»________№ ________қорытындының
ақпараттық парағы
Бұйым_________________________________________________________
сыналған үлгінің толық атауы, каталогтар бойынша нөмірі,
____________________________________________________________________
базалық үлгінің түрленуінің нөмірі
____________________________________________________________________
әзірлеуші, әзірлеуші ел көрсетіледі
Нәтиже ________________________________________________________
зерттеу бойынша қысқаша қорытынды көрсетіледі
Техникалық сипаттамалары:_________________________________________
Сынау зертханасының басшысы:
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңба

Қолданыстағы