О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу постановление акимата города Актобе от 18 июня 2020 года № 2412 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу постановление акимата города Актобе от 18 июня 2020 года № 2412 «Об установлении ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алу және Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 2412 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3679
- Қабылданған күні
- 06.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2020 147242_484618.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CA007523
- ЭКБ идентификаторы
- 147242
- Редакция идентификаторы
- 147242_484618
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:27
0 Шектеу іс-шараларын алу және Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 2412 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министірлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 5-2/315 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының Кенес Нокин тұрғын үй алабының Октябрь көшесі аумағында ірі мүйізді қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2
2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 2412 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7195 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.