О внесении изменений в решение маслихата от 18 марта 2020 года № 391 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 18 марта 2020 года № 391 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2020 жылғы 18 наурыздағы № 391 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 54
- Қабылданған күні
- 14.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2021 159274_540394.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21NM024662
- ЭКБ идентификаторы
- 159274
- Редакция идентификаторы
- 159274_540394
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:45
0
Мәслихаттың 2020 жылғы 18 наурыздағы № 391 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 6-бабына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Мәслихаттың «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» 2020 жылғы 18 наурыздағы № 391 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9049) болып тіркелген шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.».