О внесении изменений в решение маслихата от 18 августа 2020 года № 506 «Об организации и проведении мирных собраний»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 18 августа 2020 года № 506 «Об организации и проведении мирных собраний»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2020 жылғы 18 тамыздағы № 506 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 101
- Қабылданған күні
- 27.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2024 197298_702083.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24NA102231
- ЭКБ идентификаторы
- 197298
- Редакция идентификаторы
- 197298_702083
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:21
0 Мәслихаттың 2020 жылғы 18 тамыздағы № 506 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мәслихаттың «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2020 жылғы 18 тамыздағы № 506 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9392 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы «Жиналыстарды, митингтерді және пикеттеуді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар» жолы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 18-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 20-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес жатқан аумақтар;
3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;
5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдары, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.».