О внесении изменений в решение Каркаралинского районного маслихата от 18 июня 2020 года № VI-57/484 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Каркаралинского районного маслихата от 18 июня 2020 года № VI-57/484 «Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- Қарқаралы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № VI-57/484 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- VII - 10/80
- Қабылданған күні
- 19.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2021 158225_535934.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21KM024176
- ЭКБ идентификаторы
- 158225
- Редакция идентификаторы
- 158225_535934
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:08
0 Қарқаралы аудандық мәслихатының 2020 жылғы
18 маусымдағы №VI-57/484 «Азаматтық қызметшілер
болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс
істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет
және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес
пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар
мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қарқаралы ауданы мәслихатының «Азаматтық қызметшілер болып
табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» 2020 жылғы 18 маусымдағы №VI-57/484 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5911 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін».