О внесении изменения в постановление акимата города Рудного от 18 ноября 2021 года № 1425 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Рудненский городской отдел занятости и социальных программ»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Рудного от 18 ноября 2021 года № 1425 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Рудненский городской отдел занятости и социальных программ»
- Атауы (қаз.)
- Рудный қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 1425 «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1131
- Қабылданған күні
- 22.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 20.03.2023 171766_623093.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22NB01131A
- ЭКБ идентификаторы
- 171766
- Редакция идентификаторы
- 171766_623093
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:31
0 Рудный қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 1425 «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2021 жылғы 18 қарашадағы № 1425 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну;».
2. «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;