О внесении изменений в решение Астраханского районного маслихата от 18 января 2021 года № 7С-2-2 «О некоторых вопросах проведения мирных собраний»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Астраханского районного маслихата от 18 января 2021 года № 7С-2-2 «О некоторых вопросах проведения мирных собраний»
- Атауы (қаз.)
- Астрахан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 7С-2-2 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7С-36-3
- Қабылданған күні
- 16.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 16.01.2023 177994_614600.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BF008507
- ЭКБ идентификаторы
- 177994
- Редакция идентификаторы
- 177994_614600
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:40
0 Астрахан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 7С-2-2 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» Астрахан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 7С-2-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8337 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
4, 5, 17-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Жалтыр Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Жалтыр ауылы, Жеңіс көшесі, 2А.»;
«5. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жалтыр ауылы, Абылай хан көшесі, «Фортуна» дүкенінен Жалтыр Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін.»;
«17. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новочеркасск ауылы, Бейбітшілік көшесі, Бейбітшілік 30А көшесінен, «Астрахан ауданының Новочеркасск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін.»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:
4-тармақтың 4), 5), 17) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
4 «4) Жалтыр Мәдениет үйінің ғимаратына қарсы орналасқан алаң, Жалтыр ауылы, Жеңіс көшесі, 2А, шекті толу нормасы 50 адам.»;
5 «5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жалтыр ауылы, Абылай хан көшесі, «Фортуна» дүкенінен Жалтыр Мәдениет үйі ғимаратына қарсы орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.»;
«17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Новочеркасск ауылы, Бейбітшілік көшесі, Бейбітшілік 30А көшесінен, «Астрахан ауданының Новочеркасск ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам.».