Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата района Беимбета Майлина от 18 мая 2021 года № 98 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қаулы · № 11 · қабылданған 29.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2021-no-98/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата района Беимбета Майлина от 18 мая 2021 года № 98 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Қолданыста Қаулы ·№ 11 ·29.01.2025
29.01.2025 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата района Беимбета Майлина от 18 мая 2021 года № 98 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»

Қолданыста Қаулы ·№ 11 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата района Беимбета Майлина от 18 мая 2021 года № 98 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 98 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11
Қабылданған күні
29.01.2025
Көрсетілген редакция
29.01.2025 206852_742786.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25NR103641
ЭКБ идентификаторы
206852
Редакция идентификаторы
206852_742786
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:16

0 Әкімдіктің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 98 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2021 жылғы 18 мамырдағы № 98 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9918 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы.»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Әкімдіктің
2025 жылғы 29 қаңтардағы
№ 11 қаулысына
қосымша
Әкімдіктің
2021 жылғы 18 мамырдағы
№ 98 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

3 3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

4 4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

2 2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның концерттік зал меңгерушісі (басшысы);

4 4) музыкалық жетекші;

5 5) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

6 6) хореограф;

7 7) дыбыс режиссері;

8 8) режиссер;

9 9) қоюшы режиссер;

10 10) аккомпаниатор;

11 11) концертмейстр;

12 12) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

13 13) кітапханашы;

14 14) библиограф;

15 15) редактор (негізгі қызметтер);

16 16) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

17 17) қазақ, ағылшын тілдер мұғалімі.

Қолданыстағы