О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 18 февраля 2021 года №47 «Об утверждении объемов субсидирования, повышения производительности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2021 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Жамбылской области от 18 февраля 2021 года №47 «Об утверждении объемов субсидирования, повышения производительности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2021 год»
- Атауы (қаз.)
- «2021 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №47 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 229
- Қабылданған күні
- 21.10.2021
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 21.10.2021 159725_542582.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21G0024882
- ЭКБ идентификаторы
- 159725
- Редакция идентификаторы
- 159725_542582
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:16
0 «2021 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін
және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы
№47 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2021 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы №47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4901 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жамбыл облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Жамбыл облысы әкімдігінің
2021 жылғы 21 қазандағы № 229
қаулысына қосымша
2021 жылға акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін
және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№
Тауарлы балық өнімдерінің түрі
Өндіріс көлемі (тонна)
Бір килограмм балық азығына бөлінетін субсидиялар сомасы (теңге)
Субсидия көлемі,
мың теңге
1
2
3
4
5
1.
Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары
233,36
105
24503,0
2.
Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары
103,703
270
28000,0
Барлығы
52503,0