О внесении изменений в решение маслихата области Абай от 18 ноября 2022 года № 10/54-VII «Об утверждении Правил содержания сельскохозяйственных животных в населённых пунктах области Абай»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата области Абай от 18 ноября 2022 года № 10/54-VII «Об утверждении Правил содержания сельскохозяйственных животных в населённых пунктах области Абай»
- Атауы (қаз.)
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/54-VII «Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 28/186-VIII
- Қабылданған күні
- 25.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2025 211829_763905.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25F0036372
- ЭКБ идентификаторы
- 211829
- Редакция идентификаторы
- 211829_763905
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:42
0 Абай облысы мәслихатының
2022 жылғы 18 қарашадағы №10/54-VII «Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы» Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/54-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30701 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларының 3-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1). Ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері»;
6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Жануарларды ұстау қызметі процесінде туындайтын биологиялық қалдықтар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 болып тіркелген) бекітілген биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратылуға тиіс.».