О внесении дополнений в постановление акимата Камыстинского района от 18 августа 2022 года № 146 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков акимата Камыстинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Камыстинского района от 18 августа 2022 года № 146 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков акимата Камыстинского района»
- Атауы (қаз.)
- Қамысты ауданы әкімдігінің «Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы 2022 жылғы 18 тамыздағы № 146 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 13.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2025 221594_802453.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25NK00089A
- ЭКБ идентификаторы
- 221594
- Редакция идентификаторы
- 221594_802453
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:50
0 Қамысты ауданы әкімдігінің «Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы 2022 жылғы 18 тамыздағы № 146 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қамысты ауданы әкімдігінің «Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы 2022 жылғы 18 тамыздағы № 146 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде»:
2-тарау 15-тармақ мынандай мазмұндағы 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауылдарда маңдайшаларды орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
«11) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану бойынша жұмыстарын жүргізеді».
2 2. «Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;