Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Жаркаинского района от 18 мая 2022 года № А-5/215 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных домов, направленных на придание единого архитектурного облика Жаркаинскому району»

Қаулы · № А-3/177 · қабылданған 12.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2022-no-5215-ekb-194334/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Жаркаинского района от 18 мая 2022 года № А-5/215 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных домов, направленных на придание единого архитектурного облика Жаркаинскому району» Қолданыста Қаулы ·№ А-3/177 ·12.03.2024
12.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Жаркаинского района от 18 мая 2022 года № А-5/215 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных домов, направленных на придание единого архитектурного облика Жаркаинскому району»

Қолданыста Қаулы ·№ А-3/177 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Жаркаинского района от 18 мая 2022 года № А-5/215 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных домов, направленных на придание единого архитектурного облика Жаркаинскому району»
Атауы (қаз.)
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № А-5/215 «Жарқайың ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-3/177
Қабылданған күні
12.03.2024
Көрсетілген редакция
12.03.2024 194334_688111.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24BL870703
ЭКБ идентификаторы
194334
Редакция идентификаторы
194334_688111
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:41

0

Жарқайың ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № А-5/215 «Жарқайың ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Жарқайың ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Жарқайың ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № А-5/215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28191 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жарқайың ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс - шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының 2-тармағының 2), 3), 8) тармақшалары, 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;»;
«3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);»;
«8) көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы (бұдан әрі – кондоминиум) – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген меншік нысаны, бұл ретте пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте емес бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;»;
«6. Егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы.».

2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы