О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 августа 2022 года № 576 «Об утверждении Правил признания технологий в качестве «зеленых» технологий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 августа 2022 года № 576 «Об утверждении Правил признания технологий в качестве «зеленых» технологий»
- Атауы (қаз.)
- «Технологияларды «жасыл» технологиялар деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 576 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 919
- Қабылданған күні
- 04.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 04.11.2024 202278_726814.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2400000919
- ЭКБ идентификаторы
- 202278
- Редакция идентификаторы
- 202278_726814
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:56
0 «Технологияларды «жасыл» технологиялар деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 576 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Технологияларды «жасыл» технологиялар деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 576 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Технологияларды «жасыл» технологиялар деп тану қағидаларына қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Технологияны «жасыл» технология ретінде тану туралы өтініш
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысына қосымша
Технологияларды «жасыл»
технологиялар ретінде
тану қағидаларына
қосымша
Нысан
Технологияны «жасыл» технология ретінде тану туралы
өтініш
Кімге:_______________________________
(уәкілетті органның атауы)
Кімнен: _____________________________
(Т.А.Ә. (бар болса) / (өтініш берушінің толық атауы)
Мекенжайы__________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше,
үй №, телефон, e-mail)
Өтініш берушінің деректемелері ____________________________________
(БСН, ЖСН)
_______________________________________________________________
(технологияның атауы)
технологиясын «жасыл» технология ретінде тану туралы ұсынылған өтінішті
қарауды сұраймын.
Технология туралы ақпарат:
Технологияның сипаттамасы ______________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(технологияның атауы (бірегей атауын, модель нөмірін (бар болса),
саудалық атауын, шартты белгіні немесе қазіргі нұсқасы туралы ақпаратты қоса
алғанда)
Технологияның қолданылу аясы: __________________________________
Технологияның мақсаты: _________________________________________
Репрезентативтік көрсеткішті қоса алғанда, технологияның «жасыл»
технология өлшемшарттарына болжамды сәйкестігі:_______________________
Пайдаланылуы болжанатын материалдар/шикізат типі (типтері) (су, сүрек,
қалдықтар, көмір, газ және т.б.): _________________________________________
Өлшенетін сандық және сапалық көрсеткіштер/технологияның қасиеттері
және оларға қалай қол жеткізіледі: _______________________________________
Технологияның жұмыс істеу қағидаты: ______________________________
Технологияны ендіруден болатын әлеуетті экологиялық әсер (сапалық
және (немесе) сандық): ________________________________________________
Технологияға және оны пайдалануға қатысты заңнамалық талаптар немесе
нормативтер: _________________________________________________________
Технологияның «жасыл» технологиялар бойынша басқа халықаралық,
мемлекетаралық немесе ұлттық стандарттарға сәйкестігі:
___________________________________________________________________
(егер сәйкес болса, стандарттар көрсетілсін)
Технологияны пайдалану және өрістету шарттары мен оған қойылатын
талаптардың сипаттамасы:______________________________________________
Техникалық және сервистік қызмет көрсетуге және жөндеуге қойылатын
талаптар:____________________________________________________________
Технологияның болжамды қызмет ету
мерзімі:_____________________________________________________________
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау бойынша талаптар (бар
болса)_______________________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса) /
Заңды тұлға басшысының Т.А.Ә. (бар болса) қолы
____________________________________