Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 августа 2022 года № 684 «Об утверждении Правил взаимодействия структурных подраделений Министерства обороны, Генерального штаба и Вооруженных Сил Республики Казахстан при формировании государственного оборонного заказа и осуществлении государственных закупок в интересах Министерства обороны Республики Казахстан»

Бұйрық · № 1327 · қабылданған 18.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2022-no-684-ekb-190583/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 августа 2022 года № 684 «Об утверждении Правил взаимодействия структурных подраделений Министерства обороны, Генерального штаба и Вооруженных Сил Республики Казахстан при формировании государственного оборонного заказа и осуществлении государственных закупок в интересах Министерства обороны Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 1327 ·18.12.2023
18.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 августа 2022 года № 684 «Об утверждении Правил взаимодействия структурных подраделений Министерства обороны, Генерального штаба и Вооруженных Сил Республики Казахстан при формировании государственного оборонного заказа и осуществлении государственных закупок в интересах Министерства обороны Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1327 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 18 августа 2022 года № 684 «Об утверждении Правил взаимодействия структурных подраделений Министерства обороны, Генерального штаба и Вооруженных Сил Республики Казахстан при формировании государственного оборонного заказа и осуществлении государственных закупок в интересах Министерства обороны Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 684 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1327
Қабылданған күні
18.12.2023
Көрсетілген редакция
18.12.2023 190583_680941.kaz
Соңғы өзгеріс
18.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23B0001327
ЭКБ идентификаторы
190583
Редакция идентификаторы
190583_680941
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:49

0

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 684 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 684 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылы қағидаларында:
28-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Жабдықталым органы сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы  21-бабының  2-тармағы 2) тармақшасының,  38-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 686 бұйрығымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 187134 болып тіркелген) және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының ережелерін ескереді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «20015 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында оранластыру;

3 3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы