О внесении дополнений в постановление акимата Атырауской области от 18 июля 2023 года № 130 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства и промышленности Атырауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Атырауской области от 18 июля 2023 года № 130 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства и промышленности Атырауской области»
- Атауы (қаз.)
- «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 130 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 09.06.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2025 211188_765633.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25T000107A
- ЭКБ идентификаторы
- 211188
- Редакция идентификаторы
- 211188_765633
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:00
0 «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 130 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі №130 «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақ келесі мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3), 32-4), 32-5), 32-6), 32-7), 32-8), 32-9), 32-10), 32-11) және 41-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-1) құзыреті шегінде ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
32-2) құзыреті шегінде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті дамыту үшін жағдайлар жасайды;»
32-3) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
32-4) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
32-5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта жүргізуді қамтамасыз етеді;
32-6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсетеді, оларды қоса қаржыландыруға қатысады;
32-7) жеке кәсіпкерлік (оның ішінде шетелдік субъектілердің), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін облыста ғылым жөніндегі кеңестерді құрады;
32-8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
32-9) ғылымды дамытудың басым бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізеді;
32-10) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді және олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
32-11) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді;
41-1) Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру.».