О внесении изменения в постановление акимата Каракиянского района от 18 июля 2023 года № 149 «Об утверждении в новой редакции Положения государственного учреждении «Аппарат акима Каракиянского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Каракиянского района от 18 июля 2023 года № 149 «Об утверждении в новой редакции Положения государственного учреждении «Аппарат акима Каракиянского района»
- Атауы (қаз.)
- «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы» Қарақия ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 245
- Қабылданған күні
- 01.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2026 I229682_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26MD00245A
- ЭКБ идентификаторы
- 229682
- Редакция идентификаторы
- I229682_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.09.2026 03:30
0 «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы» Қарақия ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы» Қарақия ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 149 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Электронды бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарақия ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
5 «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Қарақия ауданы әкімдігінің
2026 жылғы ____________
№ _____ қаулысына қосымша
«Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Қарақия ауданы әкімінің аппараты) әкімнің және жергілікті мемлекеттік басқарудың қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Қарақия ауданы әкімі аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Қарақия ауданы әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қарақия ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Қарақия ауданы әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Қарақия ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Қарақия ауданы әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130300, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 8 ғимарат.
10. Осы Ереже Қарақия ауданы әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Қарақия ауданы әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Қарақия ауданы әкімінің аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Қарақия ауданы әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын – өмірге қосу;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамыту стратегиясын іске асыру, ауданда мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және әлеуметтік, экономикалық үрдістерді басқару, осы мақсаттар үшін барлық жергілікті атқарушы билік органдарының келісіп қызмет етуін қамтамасыз ету;
3) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және орындалуын қамтамасыз ету және ауданның аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың оларды орындауын бақылау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
14. Өкілеттіктері:
1) «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқықтары:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды және мәліметтерді сұратуға және алуға;
аудан әкімінің және аудан әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын дайындауға ұсыныстар енгізуге және қатысуға;
аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерін, аудан әкімдігіне ведомстволық бағыныстағы мекемелерді құру, қайта құру, тоқтату мәселелері бойынша ұсыныстарды енгізуге;
өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің басшыларына, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға, мекемелерге қажетті тапсырмалар беруге;
Қарақия ауданы әкімдігі және әкім аппараты атынан сотта талапкер және жауапкер болуға;
заңамада қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.
15. Функциялары
1) аудандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, жергілікті атқарушы органдардың, атқарушылық тәртіптің және аудан әкімі аппаратының нормашығармашылық қызметінің жай-күйін талдайды, қоғамдық пікірді зерделейді, аудан әкімі аппаратының басшысына қызметті жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.
2) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес аудан әкімдігі мен аудан әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түсетін ақпаратты, қызметтік құжаттарды, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қабылдауды, жинауды, өңдеуді, қарауды және іс жүргізуді жүзеге асырады;
3) аппарат жұмысын жоспарлайды, әкімдік отырыстарының, кеңестердің, семинарлардың және басқа да іс-шаралардың өткізілуін, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есептеуді және қарауды қамтамасыз етеді, әкімнің, әкім орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының азаматтарды жеке қабылдаудың жүргізуін ұйымдастырады;
5) аудан әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету;
6) аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдарының қызметіндегі өзара іс-қимыл мен үйлесімді қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс және аудан әкімдігі мен әкімінің актілері, тапсырмалары және аудан әкімдігі Регламентінің орындалуын бақылайды, тексерулер жүргізеді және қажет болған жағдайда тиісті лауазымды адамдардан түсініктемелер талап етеді;
8) құқық бұзушылықтың профилактикасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі, терроризм және экстремизм профилактикасы мәселелері бойынша комиссиялардың жұмысын үйлестіреді;
9) жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар мәселелері жөнінде аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
10) әскери тіркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
11) құпия іс құжаттарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
12) мемлекеттік наградалармен, облыс және аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, алғысымен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру, сондай-ақ «Қарақия ауданының Құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізу;
13) Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама шеңберінде сайлау өткізу мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру дайындығын және өткізуді жүзеге асыру;
14) мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуына, іс жүргізу қағидаларының сақталуына, жұмыс стилі мен әдістерін жақсартуға бағытталған шаралар қабылдау;
15) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
16) еңбек ақы қорының дұрыс жұмсалуын бақылауды, лауазымдық жалақылардың белгіленуін жүзеге асырады;
17) белгіленген уақытта дебиторлық берешектерді өндіріп алады және кредиторлық берешектерді өтейді;
18) Аппарат бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есептерді құрады;
19) банктік құжаттарды өңдейді;
20) мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
21) аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік органдардың қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппаратының мүдделерін ұсынады;
22) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және аудан әкімі аппаратының құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындайды, нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуді тұрақты түрде үйлестіреді;
23) заңнамалық актілермен көзделген жағдайларда, аудан әкімі аппаратының құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының атынан түсініктеме дайындайды;
24) аудан әкімі аппаратына келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастырады;
25) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгіленген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген нормативтер шегінде аудандық бюджеттен қаржыландаралатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді.
26) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлейді және іске асырады, кадрларға қажеттілікті талдайды және жоспарлайды, кадр құрамын қалыптастырады, мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және тоқтату рәсімдерін, конкурстық іріктеуді, аттестаттауды, қызметті бағалауды, кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқару ақпараттық жүйесі арқылы жүргізуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуын, қайта даярлануын, біліктілігін арттыруын, тағылымдамадан өтуін, кадр мәселелері жөніндегі комиссиялардың қызметін, еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, еңбек режимі мен мемлекеттік қызметке байланысты шектеулердің сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді, оларды көтермелеу және ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
27) жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторинг жүргізу және сапасын бақылау;
28) «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
29) аудан әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз етеді;
30) «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Қарақия ауданы әкімінің аппаратына басшылықты «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аудан әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.
17. Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Қарақия ауданы әкімінің аппарат басшысының өкілеттігі:
1) аудан әкімінің бекітуіне «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, аудан әкімі орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу, «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) Қарақия ауданы әкімдігінің мамандарының жұмысын үйлестіреді, «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің және өзге құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін, сондай-ақ әкімшілік және көмекші персоналды (жұмыскерлер мен техникалық персоналды) лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) қызметкерлердің іссапарларының, тағылымдамадан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
5) аудан әкімдігі мен аудан әкімінің актілерінің орындалуы мен қадағалануына, оның тапсырмаларының орындалуына бақылау жұмысын үйлестіреді;
6) аудан әкіміне қол қою және қарау үшін әкімдіктің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің және аудан әкімдігіне жолданған басқа да материалдарды ұсынады;
7) бұйрықтар шығарады;
8) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
9) құжат айналымын ұйымдастыруды және қадрлық қызмет жұмысын, орындаушы және еңбек тәртібін сақтауды бақылайды;
10) өз құзыреті шегінде қызметтік және қаржылық құжаттамаларға қол қояды;
11) заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес ерекшеленген қызметкерлерді көтермелеу және лауазымдық тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді;
12) өз құзыреті шегінде және аудан әкімінің шешімін қажет етпейтін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, басқа да ұйымдармен хат алмасулар жүргізеді;
13) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін қорғайды;
14) шарттар жасасады, сенімхаттар береді;
15) банктік есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге де мәмілелерді жасайды;
16) ауданның өкілді органы – Қарақия ауданының мәслихатымен, аудандық бөлімшелерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен тұрақты негізде байланысты қамтамасыз етеді;
17) ауданның кадр саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
18) аудан әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды;
19) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпия туралы» Заңының тәртібін сақтауды және мобилизациялық және құпия құжаттарды сақтап қою жұмысын құпия тәртіпте қамтамасыз етеді;
20) тұрғындар алдында аудан әкімінің есептік кездесулерін дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырылған шараларды қамтамасыз етеді;
21) азаматтармен жеке қабылдау өткізеді;
22) аудан әкімінің тапсырмаларын орындайды;
23) ауданда мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
24) осы Ережеде көрсетілген, сондай-ақ аудан әкімі оған жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
25) Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысы, «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ұйғарған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үдерістерінің заңнамада белгіленген тәртіпте орындалысын жүзеге асырады.
Қарақия ауданы әкімінің аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
19. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.