Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 18 августа 2023 года № 422 «Об утверждении Правил отбора претендентов и прохождения научных стажировок»

Бұйрық · № 402 · қабылданған 09.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2023-no-422-ekb-199668/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 18 августа 2023 года № 422 «Об утверждении Правил отбора претендентов и прохождения научных стажировок» Қолданыста Бұйрық ·№ 402 ·09.08.2024
09.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 18 августа 2023 года № 422 «Об утверждении Правил отбора претендентов и прохождения научных стажировок»

Қолданыста Бұйрық ·№ 402 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 18 августа 2023 года № 422 «Об утверждении Правил отбора претендентов и прохождения научных стажировок»
Атауы (қаз.)
«Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
402
Қабылданған күні
09.08.2024
Көрсетілген редакция
09.08.2024 199668_716951.kaz
Соңғы өзгеріс
09.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034923
ЭКБ идентификаторы
199668
Редакция идентификаторы
199668_716951
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:09

0 «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33308 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 32) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 120) тармақшасына сәйкес әзірленді және ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда (бұдан әрі – шетелдік ұйымдар) ғылыми тағылымдамадан өту үшін үміткерлерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өту тәртібін айқындайды.»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің, сондай-ақ философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор, магистр дәрежесі;»;
9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің, сондай-ақ философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор, магистр дәрежесінің болуы туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады).».

2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы