Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 18 августа 2023 года № 422 «Об утверждении Правил отбора претендентов и прохождения научных стажировок»

Бұйрық · № 338 · қабылданған 04.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2023-no-422/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 18 августа 2023 года № 422 «Об утверждении Правил отбора претендентов и прохождения научных стажировок» Қолданыста Бұйрық ·№ 338 ·04.07.2025
04.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 18 августа 2023 года № 422 «Об утверждении Правил отбора претендентов и прохождения научных стажировок»

Қолданыста Бұйрық ·№ 338 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 18 августа 2023 года № 422 «Об утверждении Правил отбора претендентов и прохождения научных стажировок»
Атауы (қаз.)
«Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
338
Қабылданған күні
04.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
25.07.2025
Көрсетілген редакция
04.07.2025 212209_771637.kaz
Соңғы өзгеріс
04.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036423
ЭКБ идентификаторы
212209
Редакция идентификаторы
212209_771637
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:31

0 «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы

№ 422 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33308 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Үміткер құжаттарды белгіленген құжат қабылдау мерзімі ішінде әкімшіге «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және (немесе) қағаз нысанда ұсынады.
Ұсынылған құжатты қарау нәтижесі бойынша үміткерге құжаттың қабылданғаны және конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы жазбаша хабарлама не оларды қабылдаудан дәлелді бас тарту жолданады.
Құжатты қарау, қабылдау не оларды қабылдаудан бас тарту мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Құжатты толық көлемде ұсынбау оларды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Құжаттар осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда, үміткерге бұзушылықтарды жойғаннан кейін оларды қабылдау үшін белгіленген мерзім кезеңінде құжатты қайта ұсынуға рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін үміткердің және оның құжаттарының осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкестігін қарауды әкімші жүзеге асырады.»;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейі:

Ғы­лы­ми та­ғы­лым­да­ма­дан өту ті­лі *
Шет ті­лін бі­лу дең­гейі
1.
Ағы­л­шын
IELTS: 9.0-ден 5.0
TOEFL: PBT 677-ден 417,
ITP 677-ден 417,
IBT 120-дан 35
DET 160-тан 80-нен ба­стап
2.
Қы­тай
HSK 6-дан 3 дең­гейі
3.
Ко­рей
TOPIK (level 3)
4.
Неміс
Goethe-Zertifikat B1,
OnSet B1
DSH 1
TestDaF (TDN 3)
5.
Ита­льян
CILS DUE B1 CELI 2
6.
Ис­пан
DELE B1
7.
Орыс
Та­лап етіл­мей­ді
8.
Фран­цуз
TCF 300-399 DELF B1
9.
Жа­пон
JLPT level N3
10.
Тү­рік
Tömer B1
TYS B1
Ескерту:
*Осы кестеде ғылыми тағылымдамадан өту тілі болмаған жағдайда, шет тілін білу деңгейі CEFR стандартына сәйкес B1 деңгейінен төмен емес ресми жарамды халықаралық сертификатпен расталады.
Бұл ретте, орыс тілінде ғылыми тағылымдамадан өтуге тек орыс тілі мемлекеттік және (немесе) ресми тіл болып табылатын елдерде ғана рұқсат беріледі.
Қолданыстағы аббревиатуралардың транскрипциясы:
IELTS (International English Language Testing System - Интернэйшэнал Инглиш Лэнгуич Тестинг Систэм) - ағылшын тілі бойынша білімін тестілеудің халықаралық жүйесі;
TOEFL (Test of English as a Foreign Language - Тест оф Инглиш ас э Форейн Лэнгуич) - шет тілі ретінде ағылшын тілі бойынша тест мынадай түрлерге бөлінеді:
1) PBT (Paper-based test - Пэйпер-бэйзд тест) - қағаз жеткізгіштегі ресми тест;
2) ITP (Institutional Testing Program – Инститьюшнал тестинг программ) - қағаз жеткізгіштегі ресми тест;
3) IBT (Internet-based test - Интернет-бейзд тест) - Интернет арқылы тапсырылатын ресми тест;
DET (Duolingo English test) (Дуолинго Инглиш тест) - бейне әңгімелесу және нәтижелерді жылдам өңдеу арқылы ағылшын тілін білуді анықтау бойынша онлайн-тест;
Goethe-Zertifikat (Гете Цертификат) - Неміс тілін білуін растау үшін қажетті Гете-Институтының сертификаты. Гете-институтында сертификат алу үшін емтиханды Гете-институттарында да, біздің әріптестеріміз болып табылатын емтихан алу орталықтарында да тапсырылады;
OnSet (ОнСэт) - неміс тілі деңгейін анықтауға арналған емтихан;
DSH (Deutsche Sprachprüfung für den Hochschulzugang - Дойч Шпрахпрюфунг фюр ден Хохшульцуганг) - DSH емтиханы Германиядағы жоғары оқу орындарының біріне түсу үшін қажет. DSH емтиханы Германия жоғары оқу орындарында кезекті семестрлер басталғанға дейін 3-4 апта бұрын тапсырылады;
TestDaF (Test Deutsch als Fremdsprache - Тест Дойч альс Фремдшпрахэ) - Тест DaF Германияда оқу үшін қажетті неміс тілі деңгейін тексеретін тест. Бұл емтихан әлем бойынша лицензияланған орталықтарда, сонымен қатар, Қазақстанда тапсырылады;
CILS (Certificazione di Italiano come Lingua Straniera - Цертификационе ди Итальяно комэ Лингуа Страниера) - шет тілі ретінде итальян тілін білу деңгейін растаушы сертификат;
CELI (Certificatos di Conoscenza della Lingua Italiana - Цертификатос ди Коношэнза делльа Лингуа Итальяна) - шет тілі ретінде итальян тілін білу сертификаты;
DELE (Diplomas de Español como Lengua Extranjera - Дипломас дэ Эспаньол комо Лингуа Икстранхера) - шет тілі ретінде испан тілін білу сертификаты;
TCF (Test de connaissance du français - Тест де конэсонс дью фронсэ) - француз тілін білу тесті;
DELF (Diplome d'Etudes en Langue Francaise - Дипломэ тьюд он Лонг Фронcэз) - француз тілінде білімі туралы диплом;
HSK (Hanyu Shuiping Kaoshi - Ханьюй Шуйпин Каоши) - шетелдіктерді, қытай эмигранттарын және аз ұлттар өкілдерін қоса алғанда, қытай тілінде сөйлемейтін адамдардың қытай тілін білу деңгейін сертификаттауға арналған ҚХР мемлекеттік емтиханы;
TOPIK (Test of Proficiency in Korean - Тест оф Профишэнси ин Кориан) - корей тілін білу деңгейін анықтау емтиханы;
JLPT (Japanese Language Proficiency Test - Джапанис Лэнгуич Профишэнси Тест) - жапон тілін білу деңгейін анықтау емтиханы;
Tömer (Türkçe ve Yabancı Dil Uygulama ve Araştırma – Тюркче вэ Яванджи Диль Уйгулама вэ Араштырма) – түрік тілінен деңгейін анықтау емтиханы;
CEFR (Common European Framework of Reference – Комон Европин Фреймок оф Референс) – Еуропалық Одақта қолданылатын шет тілін меңгеру деңгейлерінің жүйесі;
TYS (Türkçe Yeterlik Sinavi – Тюркче Йетерлик Сынавы) – түрік тілін білу деңгейін анықтау үшін Юнус Эмре институты әзірлеген бағалау жүйесі.»;
көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшада:
1-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Сараптамалық комиссия (бұдан әрі – СК) мүшелерімен дербес әңгімелесу, мұнда үміткердің кәсіби дайындық деңгейі, теориялық білімі мен таңдаған мамандан саласында кәсіби құзыретінің болуы айқындалады.»;
Келесі турға өтуге арналған кешенді тестілеу кестесі мынадай редакцияда жазылсын:
«
Вер­бал­ды тест
Бе­рі­л­ген балл
37-48- жо­ға­ры
10
31-36- ор­та­ша­дан жо­ға­ры
8
20-30- ор­та­ша
6
11-19- ор­та­ша­дан тө­мен
Өту ба­лы емес
10 балл және одан тө­мен
Өту ба­лы емес
Сан­дық тест
Бе­рі­л­ген балл
20-25 – жо­ға­ры
10
15-19 – ор­та­ша­дан жо­ға­ры
8
8-14 – ор­та­ша
6
4-7 – ор­та­ша­дан тө­мен
Өту ба­лы емес
3 балл және одан тө­мен
Өту ба­лы емес
Же­ке са­у­ал­на­ма
Бе­рі­л­ген балл
31-35 балл
10
21-30 балл
8
20 балл және одан тө­мен
6
СК мүшелерімен әңгімелесу бойынша саралау
СК ор­та­ша ба­лы
СК бой­ын­ша ең тө­мен­гі балл
29 -70
Ұсы­ны­л­ған
28 балл және одан тө­мен
Ұсы­ныл­ма­ған
».

2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы