О внесении изменений в решение маслихата Иргизского района от 18 марта 2024 года № 117 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Иргизском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Иргизского района от 18 марта 2024 года № 117 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Иргизском районе»
- Атауы (қаз.)
- Ырғыз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 117 «Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 250
- Қабылданған күні
- 15.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 04.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2025 214483_775135.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25CE036863
- ЭКБ идентификаторы
- 214483
- Редакция идентификаторы
- 214483_775135
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:18
0 Ырғыз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 117 «Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ырғыз аудандық мәслихатының «Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 18 наурыздағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8545-04 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы.»;
көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі бойынша:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Ырғыз ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы.»;
Көрсетілген шешімінің 1 қосымшасында:
4 – тармағынның 1 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.»;
9 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»;