О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 января 2024 года № 16 «Об утверждении Правил формирования и учета целевых требований, целевых накоплений и выплат целевых накоплений, а также начисления целевых требований»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 января 2024 года № 16 «Об утверждении Правил формирования и учета целевых требований, целевых накоплений и выплат целевых накоплений, а также начисления целевых требований»
- Атауы (қаз.)
- «Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 342
- Қабылданған күні
- 15.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 15.05.2025 210198_758425.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000342
- ЭКБ идентификаторы
- 210198
- Редакция идентификаторы
- 210198_758425
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:23
0 «Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 62-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-4-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 62-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-4-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды қалыптастыру және есепке алу, нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызу, төлеу, қайтару және пайдалану тәртібін айқындайды.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағидалардың шеңберінде Ұлттық қордың жеке алынған жылдағы валюталық активтерінің кірістілігі деп валюталық активтер бойынша жаһандық кастодиан ұсынатын деректер негізінде есептелген және Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР ҰБ-мен бірлесіп жасайтын Ұлттық қордың қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте көрініс табатын Ұлттық қордың валюталық бөлігінің пайызбен көрсетілген, уақыт бойынша мөлшерленген кірістілігі түсініледі.»;
39-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«БЖЗҚ-ның нысаналы жинақтарды аударуға, есепке жатқызу мен төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарын жабу Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларына 2-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6.1, 6.2, 6.3, 6.4 және 6.5-жолдармен толықтырылсын:
«
6.1.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша барлығы
6.2.
Есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандар не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандар (5-бағанда ескерілді)
6.3.
Нысаналы талаптарға қатысушы болуға құқығы болған, бұрын ескерілмегендер (7-бағанда ескерілді)
6.4.
Нысаналы талаптарға қатысушы болуға құқығы болмаған, бұрын ескерілгендер (8-бағанда ескерілді)
6.5.
6.1 – 6.4-бағандарда көрсетілген өзгерістерді ескергенде барлығы (6.1 - 6.2 + 6.3 - 6.4-бағандар)
».