О внесении изменений в решение Жуалынского районного маслихата от 18 марта 2024 года № 18-7 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Жуалынскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жуалынского районного маслихата от 18 марта 2024 года № 18-7 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Жуалынскому району»
- Атауы (қаз.)
- Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 18-7 «Жуалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 28-4
- Қабылданған күні
- 19.09.2024
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2024 201006_720820.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24GD523708
- ЭКБ идентификаторы
- 201006
- Редакция идентификаторы
- 201006_720820
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:36
0 Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы
№18-7 «Жуалы ауданы бойынша аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жуалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы №18-7 «Жуалы ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5179-08 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»;
шешімінің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімге қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жуалы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.»;
3-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4 -тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушылардың жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалды.»;
5-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацының қазақ тіліндегі мәтінінде «тұлға ретінде тіркелгені» деген сөздер «адам ретінде тіркелуі» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацының қазақ тіліндегі мәтінінде «тұтынуға арналған шоттары» деген сөздер «тұтыну шоттары» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацына қазақ тіліндегі мәтінінде «2) Порталға:» деген сөз «2) «электрондық үкіметтің» веб-порталына:» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацының қазақ тіліндегі мәтінінде «электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған» деген сөздер «ЭЦҚ-сымен куәландырылған» деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацының қазақ тіліндегі мәтінінде «алимент» деген сөз «алименттер» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
5-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацының қазақ тіліндегі мәтінінде «шотыың» деген сөз «шотының» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
7-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацының қазақ тіліндегі мәтінінде «сегіз» деген сөз «8 (сегіз)» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
8- тармақтың бесінші абзацы қазақ тіліндегі мәтіні алып тасталсын;
10-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
11-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.