О внесении изменения в решение 18 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 26 июня 2024 года № 8 «Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Бухар-Жыраускому району на 2024-2028 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение 18 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 26 июня 2024 года № 8 «Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Бухар-Жыраускому району на 2024-2028 годы»
- Атауы (қаз.)
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 8 «Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 26.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.06.2025 211648_763312.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25KK00007M
- ЭКБ идентификаторы
- 211648
- Редакция идентификаторы
- 211648_763312
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:40
0 Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2024 жылғы
26 маусымдағы № 8 «Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 8 «Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 8 шешімінің қосымшасындағы бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді».