Об использовании участка "Астана - Щучинск" км 18 + 772 - км 230 + 250 автомобильной дороги общего пользования республиканского значения I-а категории "Астана-Петропавловск" на платной основе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об использовании участка "Астана - Щучинск" км 18 + 772 - км 230 + 250 автомобильной дороги общего пользования республиканского значения I-а категории "Астана-Петропавловск" на платной основе
- Атауы (қаз.)
- I-а санатты "Астана-Петропавл" жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Астана-Щучье" 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 429
- Қабылданған күні
- 30.04.2013
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2015 AI72505_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000429
- ЭКБ идентификаторы
- 72505
- Редакция идентификаторы
- AI72505_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:09
0 I-а санатты "Астана-Петропавл" жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Астана-Щучье" 18+772 км - 230+250 км учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км – 230+250 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады;
1-1
1-1) баламалы жол: «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана – Атбасар» учаскесі, «Көкшетау – Атбасар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Атбасар – Зеренді» учаскесі», «Щучье – Зеренді» республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүріп өту жүзеге асырылуы мүмкін;
2 2) ақылы жолдың бастапқы пункті – 18+772 км, ақылы жолдың соңғы пункті – 230+250 км;
3 3) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі:
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр
Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы
Шортанды ауданы
44 км + 000
Бозайғыр ауылы (Елизаветинка)
70 км + 500
Дамса кенті
75 км + 200
Шортанды қаласы
82 км + 300
Мықтыкөл ауылы (Барышевка)
Ақкөл ауданы
94 км + 700
Еңбек ауылы (Трудовое)
107 км + 800
Ақкөл қаласы
117 км + 000
Барап кенті
124 км + 600
Красный Горняк кенті
Бұланды ауданы
143 км + 100
Алакөл ауылы (Богдановка)
150 км + 000
Жаңаталап ауылы
160 км + 500
Алтынды кенті (Даниловка)
Еңбекшілдер ауданы
170 км + 500
Қоғам кенті
179 км + 900
Макинка ауылы
Бұланды ауданы
196 км + 700
Макинск қаласы
Бурабай ауданы
208 км + 900
Қаражар кенті (Черноярка)
212 км + 100
Атамекен ауылы (Климовка)
216 км + 500
Жасыл кенті
222 км + 000
Жаңажол ауылы
4 4) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;
алымдар алу пункттері жеріндегі автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,00 метр;
алым алу пункттері жерінде жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені - кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 6 белдеу;
5 5) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 211 км 478 метр;
6 6) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалады;
7 7) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі:
Р/с
№
Елді мекеннің атауы
Шортанды ауданы
1.
Бозайғыр ауылы (Елизаветинка)
2.
Мықтыкөл ауылы (Барышевка)
Новокубанский ауылдық округі
3.
Дамса кенті
Бозайғыр ауылдық округі
4.
Бозайғыр кенті
Кеңес ауылдық округі
Ақкөл ауданы
5.
Барап кенті
6.
Красный Горняк кенті
Еңбек ауылдық округі
7.
Еңбек ауылы (Трудовое)
Даниловка ауылдық округі
8.
Алакөл кенті
Бұланды ауданы
9.
Боярка кенті
10.
Жаңаталап кенті
11.
Елтай кенті
12.
Алтынды кенті (Даниловка)
Ақсу ауылдық округі
Еңбекшілдер ауданы
13.
Қоғам кенті
Бурабай ауданы
Атамекен ауылдық округі
14.
Атамекен ауылы (Климовка)
15.
Қаражар кенті (Черноярка)
16.
Жаңажол кенті
17.
Жасыл кенті
8 8) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамына «І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 км - 230+250 км учаскесін пайдалану үшін сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем ставкалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 сәуірдегі
№ 429 қаулысына
қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем ставкалары
1 1. І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана – Щучье» 18+772 км – 230+250 км учаскесі:
теңге
Аймақтар
Аудандар
2 білікті жеңіл автокөліктер
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 1 тн жоғары 2,5 тн дейін 2 білікті жүк автомобильдері
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін 2 білікті жүк автомобильдері
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін 2 білікті автопоездар
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі 3 білікті жүк автомобильдері
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары көп осьті, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар
Жергілікті көлік
транзит
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1.
Шортанды (66 км)
30
60
310
650
950
1300
1500
2.
Ақкөл (51 км)
30
50
250
500
750
1000
1250
3.
Бұланды (22 км)
10
20
100
220
320
440
600
4.
Еңбекшілдер (46 км)
20
50
210
460
680
920
1250
5.
Бурабай (26,5 км)
10
20
130
270
400
540
600
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны
100
200
1000
2100
3100
4200
5200
Тіркелмеген автокөлік құралдары
250
1200
2500
3700
5000
6200
Ескертпе*.
1 1) тіркелмеген автокөлік құралдары – мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ және/немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы ІІМ тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жоқ автокөлік құралдары;
2 2) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;
3 3) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік.
2 2. Екі білікті жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүргені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.
3
3. Ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлем ставкаларының 1-тармағы кестесінің 9-бағаны қолданысқа енгізілгенге дейін жүк көтергіштігі 15 тн. жоғары көп білікті жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелі, ершікті тартқыштар ақы төлеуді ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін төлем ставкаларының 1-тармағы кестесінің 8-бағанында белгіленген төлем ставкалары бойынша жүргізеді.