О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенных в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет
Қолданыста
Қаулы
№ 146
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенных в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет
- Атауы (қаз.)
- 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 146
- Қабылданған күні
- 12.05.2006
- Қолданысқа енгізілген күні
- 12.05.2006
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2006 28061_349531.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2006
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06NL000014
- ЭКБ идентификаторы
- 28061
- Редакция идентификаторы
- 28061_349531
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:26
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Он пайызға азайту жолымен дала аймағында жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты есептеу үшін нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті) есепке алынуын түзету белгіленсін.
2. Он пайызға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2006 жылға ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.
3. «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
4. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 19 сәуірдегі № 122 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке косалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» каулысы жойылсын.