18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 2-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасынын жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес Жангелдин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы от 15.05.2006 г. № 123 (18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкаларда келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы)
1. Ай сайын 10 %-ға азайту жолымен шөлейтті аймақта жеке қосалкы шаруашылықтан алынған табысты есептеу үшін нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімнің (өнімділіктің) есепке алынуына түзету белгіленсін.
2. 10 %-ға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2006 жылға ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.
3. «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайын төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алуға үміткердің жеке қосалкы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулы басшылыққа алынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Әубәкіровке жүктелсін.
5. Осы қаулы Жангелдин ауданының әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.