Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по назначению государственного пособия семьям, имеющим детей до 18 лет

Қаулы · № 350 · қабылданған 26.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-ekb-37249/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по назначению государственного пособия семьям, имеющим детей до 18 лет Күшін жойған Қаулы ·№ 350 ·26.12.2007
02.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по назначению государственного пособия семьям, имеющим детей до 18 лет

Күшін жойған Қаулы ·№ 350 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания государственной услуги по назначению государственного пособия семьям, имеющим детей до 18 лет
Атауы (қаз.)
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
350
Қабылданған күні
26.12.2007
Көрсетілген редакция
02.11.2009 37249_206379.kaz
Соңғы өзгеріс
02.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07SG000068
ЭКБ идентификаторы
37249
Редакция идентификаторы
37249_206379
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:22

0 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2000 жылғы 27 қарашадағы 9-1-бабының, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау" бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса беріліп отырған үлгі стандарты бекітілсін.

2 2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына осы қаулыны бөлімнің қызметкерлері оқып білсін және міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

5 Жамбыл ауданы әкімдігінің

2007 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 350 қаулысымен бекітілді
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі СТАНДАРТЫ

1 1. Жалпы ереже

1 1. Бұл үлгі стандарты 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (ілгеріде – мемлекеттік қызмет).

2 2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: жарым-жартылай автоматтандырылған.

3 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына жәрдемақы тағайындау жөніндегі Ереженің негізінде көрсетіледі.

4 4. Мемлекеттік қызметті «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі көрсетеді, орналасқан жері Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка селосы, Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат).

5 5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нышаны тұтынушы алатын жәрдемақыны тағайындау немесе жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы Хабарлау (хат) болып табылады.

6 6. Мемлекеттік қызметті отбасының жан басына шаққандағы айлық кірісі тұтыну мөлшерінен төмен 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар мемлекеттік қызметті алуға құқылы.

7 7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде көрсетіледі:

1 1) мемлекеттік қызметті өтініш берушінің қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен: -10 күннен артық емес;

2 2) қажетті құжаттарды тапсырғанда кезекте рұқсат етілетін тосу уақытының жоғары деңгейі 30 минуттан көп емес;

3 3) қажетті құжаттарды аларда кезекте рұқсат етілетін тосу уақытының жоғары деңгейі 30 минуттан көп емес.

8 8. Осы мемлекеттік қызмет ақысыз жүргізіледі.

9

9. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және және қажетті құжаттар туралы ақпараттар, сонымен қатар оларды толтыру үлгілері «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің стендісінде, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка селосы, Дружба көшесі № 6 үйде орналасқан (бірінші қабат).

10 10. Мемлекеттік қызмет аптасына бес рет ұсынылады (дүйсенбі- жұма) жергілікті уақытпен сағат 9 00-дан 1800-ға дейін, 1300-ден 1400-ге дейін түскі үзіліс. Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылмайды және жылдам қызмет көрсетілмейді.

11

11. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ғимаратында күту залы, құжаттарды толтыратын орындар, қажетті құжаттардың тізбесі мен олардың толтырылған үлгілері бар стенд ұйымдастырылған, мүмкіндігі шектелген азаматтарға пандус, отыратын орындықтар бар.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші

1 1) белгіленген нысандағы өтінішін;

2 2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3 3) жеке басын куаландыратын құжатының көшірмесін;

4 4) отбасының тұрғылықты тұратын жерін растайтын құжатының көшірмесін;

5 5) отбасының құрамы туралы мәліметтерін (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына жәрдемақы

тағайындау жөніндегі Ереженің 1 қосымшасына сәйкес);

6 6) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы құжаттарын куаландыратын қосымшаларымен мәліметтерін тапсырады.

(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына жәрдемақы тағайындау жөніндегі Ереженің 1 қосымшасына сәйкес).
Құжаттарды растайтын қосымшаларымен салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері ұсынылады, кейіннен құжаттардың
түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.

13 13. Бланкілер “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” Мемлекеттік мекемесінде беріледі. Мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі 6, № 8 кабинет.

14 14. Қажетті құжаттардың толық қоржыны «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка селосы, Дружба көшесі № 6.

15 15. Қажетті құжаттарды тапсырған өтініш иесіне қабылданған күні мен орындау мерзімі көрсетілген талон беріледі.

16

16. Хабар пошта арқылы жіберіледі немесе мына мекен-жайға Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6, № 8 кабинетте орналасқан «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» Мемлекеттік мекемесінде тұтынушының жеке өзінің қабылдауда болғанында ғана беріледі.

17 17. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

1 1)өтініш берушінің ұсынған мәліметтерінің дұрыс болмаған жағдайында;

2 2) құжаттар мәліметінің дәйексіздігінде;

3 3) сәйкес тоқсанға жан басына шаққандағы айлық орташа кіріс азық-түлік қоржынынан асып кеткенде;

3 3. Жұмыс принціпі

18

18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің қызметі адамның конституциялық құқығын, мемлекеттік міндетін орындау заңдылығын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін сақтағанда және сыпайылық, жан-жақты толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын қамтамасыз ету, қорғау және құпиялылық принциптерінде жүзеге асады.

4 4. Жұмыс нәтижелері

19 19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20 20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субьектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5 5. Шағымдану тәртібі

21

21. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша орын алған дағуа әрекеттеріне шағымдану «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлар» Мемлекеттік мекемесі бастығына, «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар» бөлімі Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарына, «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті» Мемлекеттік мекемесінің бастығының атына ұсынылады.
Даулы мәселелер азаматтық сот ісімен шешіледі.

22 22. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электронды пошта немесе қабылдау бөлмесі арқылы жұмыс күндері шабарман арқылы қабылданады.

23 23. Қабылданған шағым ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі. Шағым иесіне шағымын қабылдағандықтары туралы жыртпалы талон беріледі, онда қабылданған күні мен уақыты көрсетілген.

Қаралған шағымдарының нәтижелерін шағымданушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе электрондық пошта арқылы хабарланады.

6 6. Байланыс ақпарат

24 24. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка селосы, Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат), № 1 кабинет, телефон 2-13-38 электрондық поштаның мекен-жайы: ro_gambl@mail.online.kz.

25

25. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка селосы, Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат), № 4 кабинет, телефон 2-26-09 электрондық поштаның мекен-жайы: ro_gambl@mail.online.kz.

26

26. «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті» Мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі 64, телефон 46-56-48, № 213 кабинет, электрондық поштаның мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz

50 «18 жасқа дейінгі балалары бар

отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі
стандартына қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің
мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік
көрсеткіштері
Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы
Келесі жылдағы көрсеткіштердің
мақсатты мағынасы
Есеп беру жылындағы
көрсеткіштердің
ағымдағы
мағынасы
1
2
3
4
1. Дер кезділік
1.1. құжатты
тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер
көрсетудің %(үлесі) жағдайлары
98
98
98
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі)
99
99
99
2. Сапа
2.1. қызмет
көрсетулер үрдісінің сапасына
қанағаттанған
тұтынушылар % (үлесі)
98
98
98
2.2. лауазымды
тұлғалармен
құжаттарды
дұрыс ресімдеу жағ-дайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
99
99
99
3. Қол жеткізушілік
3.1. қызмет көрсету- лер тәртібі туралы
ақпаратқа және оның сапасына қанағаттан- ған тұтынушылар %
(үлесі)
99
99
99
3.2. тұтынушылармен
дұрыс толтырылған
және бірден тапсырыл-ған құжаттар жағдай- лары % (үлесі)
98
98
98
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын
ақпараттар қызметі % (үлесі)
0
0
0
4. Шағымдану үрдісі
4.1. іс бойынша
қызмет көрсетілген
тұтынушылардың жалпы санына негізделген
шағымдар % (үлесі)
0
0
0
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі)
98
98
98
4.3. шағымданудың
қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған
тұтынушылар % (үлесі)
99
99
99
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар %
(үлесі)
98
98
98
5. Сыпайылық
5.1. персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
100
100
100

Қолданыстағы