Об оказании социальной помощи по возмещению расходов, связанных с обследованием на компьютерном томографе детей-инвалидов до 18 лет
Қолданыста
Қаулы
№ 16
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи по возмещению расходов, связанных с обследованием на компьютерном томографе детей-инвалидов до 18 лет
- Атауы (қаз.)
- 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 21.01.2008
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2008
- Көрсетілген редакция
- 21.01.2008 37551_324100.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08NL000065
- ЭКБ идентификаторы
- 37551
- Редакция идентификаторы
- 37551_324100
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 14:12
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан мемлекеттік басқару туралы» Занының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Занының 16-бабына сәйкес және де «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен көрсетуге байланысты шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек (әрі қарай - әлеуметтік көмек) көрсетілсін:
1) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган болып «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) анықталсын;
2) әлеуметтік көмек есеп айырысу құжаттарының (шот) негізінде тексеру құнының 100 пайыз мөлшерінде төленеді;
3) әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейі банктер немесе банктық операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен уәкілетті органның тізімі бойынша жүргізіледі.
2. Қосымшаға сәйкес уәкілетті органға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Исенбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі
Қарабалық ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 21 қаңтардағы
№ 16 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі
1. Әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (әрі қарай - арыз беруші) жазбаша арызы.
2. 18 жасқа толмаған мүгедек-баланы компьютерлік томографпен тексеруге денсаулық сақтау мекемесінің жолдамасы.
Жолдама ресми бланкіде ресімделеді, онда қол қойған лауазымды тұлғаның толық атауы, қолы және оның ажыратуы көрсетіледі. Жауапты тұлғаның қолы елтаңбасы бар мөрмен расталады.
3. Баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (16 жасқа дейінгі мүгедек үшін).
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (16 жасқа толған және одан үлкен мүгедек үшін).
5. Балаға мүгедектік белгілеу медико-әлеуметтік сараптау комиссияның анықтамасының көшірмесі.
6. 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланың ата-анасының, баланы (қызды) асырап алушының, қамқоршының (қорғаншының), басқа заңды өкілінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі.
Кәмелетке толған көз ауруы бойын на мүгедектің қорғаншысы болып табылатын арыз беруші жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесің ұсынады.
7. (баланы (қызды) асырап алушылар, қамқоршылар (қорғаншылар) үшін) жағдайын растайтын құжаттың көшірмесі:
баланы (қызды) асырап алушылар кәмелетке толмаған мүгедекті асырап алу туралы соттың шешімін ұсынады;
қамқоршылар (қорғаншылар) қамқоршының (қорғаншының) куәлігін немесе қорғаншы және қамқоршы тағайындау органдарының кәмелетке толмаған мүгедекке қорғаншы (қамқоршы) тағайындауы туралы шешімін ұсынады.
қамқоршылар (қорғаншылар) қамқоршының (қорғаншының) куәлігін немесе қорғаншы және қамқоршы тағайындау органдарының кәмелетке толмаған мүгедекке қорғаншы (қамқоршы) тағайындауы туралы шешімін ұсынады.
8. Тексеруге қолма-қол есеп жасалғанын куәландыратын кассалық чегі.
9. Баланы тексерген мекеменің директоры мен бас есепшісі қол қойған тексерілуге байланысты шығынды өтеу үшін берілген шоты. Директордың қолы мөрмен расталады.
Шотта компьютерлік томографпен тексерілген мүгедек баланың аты, тегі, жөні көрсетіледі.
Кассалық чекте көрсетілген сома шотта көрсетілген сомаға сәйкес болуы керек.
Кассалық чекте көрсетілген сома шотта көрсетілген сомаға сәйкес болуы керек.