О состоянии и мерах по улучшению подготовки молодежи к воинской службе в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан от 19 января 1993 года №1897 «О всеобщей воинской обязанности и военной службе» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 1993 жылғы 19 қаңтардағы №1897 Заңының талаптарына сәйкес жастарды әскери қызметке әзірлеудің жағдайы және ол жұмысты жақсарту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен. Облыстық әскери комиссар Г.Қ. Мұкатаевтың осы мәселе жөнiндегi баяндамасын тыңдап және талқылай отырып облыстық мәслихат Орал қалалық және аудандық өкiлеттi және атқарушы органдары, облыстағы әскери комиссариаттар жастарды әскери қызметке әзiрлеудi жетiлдiру мақсатында бiрқатар қызметтер атқарғанын атап көрсетедi. Жергiлiктi жерлерде алғашқы әскери дайындыққа көп көңiл бөлiнуде, ол жұмыстар 280 жалпы бiлiм беретiн орта, кәсiптiк-техникалық мектептер мен арнаулы орта оқу орындарында жүргiзiледi, олардың көбi алғашқы әскери дайындыққа қажеттi оқулық және материалдық базасымен қамтылған. Орал қаласы, Ақжайық, Зеленов, Сырым аудандарына әскер қатарына шақырылудан жалтару деректерiн жою мақсатында алдын ала жүргiзу жұмыстарына көңiл бөлiнiп отыр. Облыс Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн толықтыру жөнiндегi жыл сайынғы тапсырманы толығынан орындап келедi, Орал әскери-техникалық мектебi жыл сайын "С" категориялы автокөлiк жүргiзушiсi мамандығымен 200 шәкiрт даярлап шығарады, онда әлеуметтiк жағдайы төмен отбасы балалары, мамандығы және орта бiлiмдерi жоқ жастар оқиды. Сонымен бiрге облыстық мәслихат әскери комиссариаттар, жергiлiктi билiк органдары мен басқармалардың жастарды әскери қызметке даярлау жұмыстары Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының талаптарына толық сай келмейтiнiн атап көрсетедi. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кейбiр аудандарда өткiзген көпшiлiк тыңдауларының, жергiлiктi жерлерден алынған хабарламалардың, жастарды әскери қызметке әзiрлеу жұмыстары мен әскерге шақыру компанияларының қорытындыларының мәлiметтерiне қарағанда дәрiгерлiк сауықтыру және алғашқы әскери дайындық жұмыстарында елеулi кемшiлiктердiң барлығын көрсетедi. Бөкейорда, Жәнiбек, Жаңақала, Тасқала, Шыңғырлау аудандарында жастарды дәрiгерлiк байқаудан өткiзу, ауруларды болдырмау, олардың алдын алу шараларын iске асыру, саулықтарын және дене тәрбиесiн жақсарту жұмыстары қанағаттандырмайды. Бұл аудандарда әскерге шақырылған жастардың аурулары 16-17 жаста алғашқы анықталып, әскерге шақырылған кезде сауықтырылмай, әскери мiндетiн атқаруға жарамсыз деп табылады. Облыс бойынша жыл сайын әскерге шақырылған жастардың оннан бiреуi саулығы жөнiнен әскерге қызмет етуге жарамсыз деп танылуда. Аудандық әскерге шақыру комиссияларының құрамындағы кейбiр дәрiгер мамандардың бiлiктiлiгiнiң төмендiгiнен, дәрiгерлiк құрал-жабдықтардың жетiспеуiнен облыстық дәрiгерлiк комиссия әскерге шақырылғандардың жартысына жуығын ауруларын анықтау үшiн облыстық дәрiгерлiк мекемелерге жiбередi. Мұндай деректер Бөкейорда, Жаңақала, Жәнiбек, Казталовка аудандарында жиi кездеседi. Ақжайық ауданының дәрiгерлiк комиссиясының құрамында дәрiгер-психиатр, ал Казталовка ауданында психиатрмен қатар көз дәрiгер жетiспейдi. Дәрiгерлiк комиссия тарапынан жiберiлген дәрiгерлiк қателiктердiң салдарынан кейбiр әскерге шақырылғандар денсаулығының нашарлығынан қайтып келiп, олардың аурулары әскери қызметпен байланысты емес деп танылуда. Бiрақ осындай қателiк жiберген адамдар жауапқа тартылмаған. Облыстың барлық аудандарында жасөспiрiмдердi қарайтын кабинет тиiстi дәрiгерлермен қамтамасыз етiлмеген, ауыл мектептерiнiң тек 11-iнде тiс дәрiгерлерi жұмыс iстейдi. Облыс мектептерiнiң 44 пайызы ғана дәрiгерлiк көмек көрсету бөлмелерiмен жабдықталған. 2001 жылғы 25 наурыздағы облыстық мәслихаттың шешiмiн орындауға денсаулық сақтау басқармасының неқұрайлықпен қарағанынан облыс мектептерiнде нормаға сәйкес 114 штаттық дәрiгерлер жетiспейдi. Мектеп дәрiгерлер бөлмелерi көмек көрсетуге қажеттi құралдар және аптечкаларымен жабдықталмаған. 85 мың оқу жасындағы балалардың 83,2 пайызы мiндеттi түбегейлi дәрiгерлiк байқаудан өткен, олардың бесеуiнiң бiрi көз, жүрек, тыныс ауруларымен ауыратыны анықталған. Әскерге шақырушылардың жалпы сауаттылық дәрежесi төмен, олардың 40 пайыздан көбiнiң 9 класстық және одан да төмен бiлiмi бар, кей кездерде өздерiнiң өмiрбаянын, анкеталарын толтыра алмайды. Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру сабақтарын өткiзуде кемшiлiктер орын алуда. Ол сабақтарды өткiзуге керектi кабинет, қару жарақ сақтайтын бөлме, мылтық ату тирлерi, оқу-жаттығу орындары жоқ. Әскери мамандық пәнi оқытушыларының бiлiм, тәжiрибесi төмен, тек 45,5 пайызының арнаулы орта бiлiмдерi және 54 пайызының офицерлiк атағы бар. Жастардың арасында әскери-патриоттық, құқықтық тәрбие беруде қала және аудан әкiмияттарының, әскери комиссариаттардың, бiлiм беру, қоғамдық мекемелерiнiң бiрiгiп iстейтiн жұмыстары тиiстi дәрежеде емес. Жастар арасында әскерге шақырудан жалтару деректерi орын алуда. Кейбiр ауылдық округтер әскерге шақырушылардың есебiн дұрыс жүргiзбейдi, аудандық әскери комиссариаттарға хабарламай, есептен шығарып жiберiп, iздеу салуға әкелiп тiркейдi. Көптеген аудандық әскери комиссариаттар тиiстi мөлшердегi материалдық-техникалық қорларымен жабдықталмаған, мекемелер тозығы жетiп, күрделi жөндеудi қажет етедi. Батыс Қазақстан облысынан мiндеттi әскери қызметiн атқарып жатқан жауынгерлермен тек қоғамдық негiзде құрылған облыстық жауынгер аналар комитетi арқылы байланыс жасап тұрады. Бұл қоғамдық ұйымнан басқа бiрде- бiр мекеме Батыс Қазақстан облысынан әскерде жарғылық талаптарын сай емес жағдайда зақым, жарақат алғандардың есебiн жүргiзбейдi. Мұндай жағдай әсiресе Алматы, Отар, Қарағанды қалаларында әскери мiндетiн атқарып жүрген жауынгерлер арасында жиi кездеседi. Осыған қарамастан 2001 жылы әскери мiндетiн атқаруға 1616 адам шақырылса, соның 750-i Алматы, Отарға жолданып, тек 51-i Қазақстанның Батыс аймақтарына жiберiлдi. Батыс Қазақстан облысынан соңғы 5 жылда елiмiзде әскери әрекеттер болмаса да 34 жауынгер қайтыс болды. Осы және басқа да деректерге қарағанда саулығы мықты, бiлiмi жоғары жастарды Отан қорғауға әзiрлеуде жергiлiктi өкiлеттi, атқарушы органдар және әскери ұйымдар, кәсiпорындар мен мекемелер және қоғамдық ұйымдар бұл жұмысты маңызды мiндет деп есептемей отыр. Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Заңынан жастарды Конституциялық борышын атқаруға әзiрлеудегi талаптарының қанағаттанарлықсыз орындалуын ескере отырып, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыстық әскери комиссар Г.Қ. Мұқатаевқа, қала және аудандар әкiмдерiне қала және аудан әскери комиссариаттарының материалдық- техникалық қорларын негiзiнен жақсарту шараларын жетiлдiрiп және жүзеге асырылсын. 2002 жылғы 1 мамырға дейiн барлық қалалық және аудандық әскери комиссариаттардың әскерге шақыру орындары керектi жиһаз, дәрiгерлiк жабдықтар, құрал-сайманмен қамтамасыз етiлсiн. Әскерге шақыру кезеңдерiнде жастарды әскерге шақыру пункттерiне уақытында жеткiзу, орналастыру, тамақтандыру, санитарлық пункттердiң жұмысы ұйымдастырылып, әскерге шақыру комиссияларының тұрақты жұмыс iстеуi қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық әкiмият 2002-2004 жылдарға арналған бюджеттiк және бюджеттен тыс қаржыландыру жобасын жасаған кезде белгiленген тәртiп бойынша қажеттi мөлшерде келесi мақсаттарға қаражат бөлу қарастырылсын: нашар жағдайдағы Бөкейорда, Жәнiбек, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарындағы әскери комиссариаттарға үй салуға немесе күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге; Ақжайық ауданында аймақтық әскери-спорттық лагері ұйымдастырға; 50 орта мектептерде жеңiлденген спортзалдар, тирлер салуға; облыстың ауылдық округтерiнде әскерге шақыруға дейiнгi және әскерге шақырылатын жастардың есебiн жүргiзуге штат санын енгiзуге.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Мырзахметов Б.Т.) барлық аудандық емханаларда жасөспiрiмдердi қарайтын бөлменi жабдықтап, олар тәжiрибелi дәрiгерлермен қамтамасыз етiлiп, жастардың 12 жасынан дәрiгерлiк байқауды өткiзу ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Б. Мырзахметовке және облыстық бiлiм басқармасының бастығы Е. Қасымбековке облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 6 шiлдедегi №13-2 шешiмiнiң (14 және 19) тармағындағы барлық орта мектептерде дәрiгерлiк бөлмелер, оларды дәрiгерлермен, құрал жабдықтармен және дәрiмен қамтамасыз ету тапсырылған iстiң орындалмағаны атап көрсетiлсiн. Осы шешiмнiң орындалуын облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен бiлiм басқармасына жүктеп, нәтижесi жөнiнде облыстық мәслихатқа 2002 жылдың 1 мамырына дейiн хабарлау тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық бiлiм басқармасы (Қасымбеков Е.Қ.), қалалық және аудандық әкiмдер барлық орта, кәсiптiк техникалық мектептер мен оқу орындарында өткiзiлетiн алғашқы әскери дайындық пәндерiн жергiлiктi жастарды сауықтыру бағдарламасының бiрi деп қаралсын, 2002 жылы 1 қыркүйекке дейiн алғашқы әскери дайындық сабақтарын өткiзетiн кабинеттер мен кластарды жабдықтап, оларды керектi оқулықтармен, көрнектi құралдар, макеттермен қамтамасыз етiп, қару-жарақ сақтайтын бөлме жабдықталсын, әскери-техникалық мүлiкпен толықтырылып, алғашқы әскери дайындық пәнiн жүргiзетiн бiлiмдi оқытушылармен толықтырылсын. Облыстық әскери комиссар Г.Қ. Мұқатаевқа облыстық бiлiм беру басқармасына техникалық және әдiстемелiк көмек көрсету тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Облыстық жастар iсi, туризм және спорт басқармасы (Нұрғалиев М.Б.) қала, аудан әкiмдерiне облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 25 наурыздағы шешiмiне байланысты облыста дене шынықтыру және спорт жұмысының бағдарламасында көрсетiлген жастар арасындағы жұмыс жандандырылсын. Облыстық ұйымдар мен мекемелердiң қаражаттарын пайдаланып, жастар арасындағы спорттық жарыстарды жиi өткiзiп, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiн және жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жанынан спорттық секциялар ашылуын дамыту көзделсiн.
Тармақ 7
7. Батыс Қазақстан Мемлекеттiк университет ректоры Б.Қ. Дамитовке белгiленген тәртiпке сәйкес облыс оқу орындарында алғашқы әскери дайындық пәндерiнiң мамандарын дайындауды ұйымдастыру тапсырылсын.
Тармақ 8
8. Облыс әкiмiнiң орынбасары Ш. Өтемiсовке, облыстық әскери комиссар Г. Мұқатаевқа, облыстық жауынгерлер аналарының комитетiне (Юшкевич С.Х.) әскери бөлiмдердегi мiндетiн атқарушылардың есебiн жүргiзу, жауынгер аналарының әскери гарнизондарға баруын қамтамасыз етуге, заң жүзiнде жарғыға қайшы iс-әрекет жасаған қылмыскерлердi жауапқа тартуға көмектесiп, қайтыс болған немесе жарақаттанған жауынгерлер болса, оны төтенше жағдай деп қарап, дұрыс тексерiлуiн қамтамасыз етуге, айыптыларға тиiстi жазасын беруге ықпал жасау тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Облыстық, қалалық, аудандық газеттер, телерадиокомпания редакцияларына, барлық меншiк түрiндегi ақпарат құралдарының тiлшiлерiне жастарды әскерге әзiрлеу нысаналарын дұрыстықпен көрсету, салауатты өмiр сүрудi, бiлiмдi, мәдениеттi адамдардың тиiмдiлiгiн насихаттау ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Облыстық мәслихаттың сессиясы қалалық, аудандық әкiмияттар мен мәслихаттарды, әскери комиссариаттар, партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердi, ұйымдар мен мекемелердiң басшыларын, әскери және еңбек ардагерлерiн Отан қорғауға дендерi сау, бiлiмдi жастарды тәрбиелеуге күш жүгерiн аямай көмектесуiн сұрайды.
Тармақ 11
11. Облыстық әскери комиссариатқа, облыстық бiлiм беру, денсаулық сақтау, жастар iсi, туризм және спорт басқармаларына облыстық мәслихат шешiмiнiң орындалу нәтижесi жөнiнде жарты жыл сайын хабарлама жасап тұру тапсырылсын.
Тармақ 12
12. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтiк саясат (Рысбеков Т.З.) және ұйымдастыру-құқықтық мәселе жөнiндегi (Жүнiсов В.К.) тұрақты комиссияларына жүктелсiн.